22 сәуір 2022 08:56

Желі қолданушылары блогер Супермамаситаны сынап тастады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/super.mamasita © instagram/super.mamasita

Әлеуметтік желі қолданушылары Супермамасита деген атпен танымал қазақстандық Instagram-блогер Әлия Байтұғаеваны сынап тастады, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.


Әлеуметтік желі қолданушылары Супермамасита деген атпен танымал қазақстандық Instagram-блогер Әлия Байтұғаеваны сынап тастады, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Наразылыққа себеп - "арнайы энергияға" ие білезіктің сатылуы. Жақында Супермамасита оқырмандарына 4500 теңгеге "қызыл жіп" (қолға білезік) сатып алуды ұсынды. Оның айтуынша, бұл балалы болуға, қызметте өсуге көмектеседі екен.

"Қызыл жіп ежелден көзден қорғайды. Ол менің барлық күш-қуатымды, жақсы көңіл күйімді сіңіріп алған. Бұл жіп өміріңізге жақсылық пен қуаныш әкеледі. Қызметте жоғарылауыңыз немесе балалы болуыңыз мүмкін. Кеше 77 мың адам осы жіпті сатып алғысы келді", - деді блогер.

Кәсіпкер әйелдің ұсынысы Желіде белсенді талқылана бастады. Скептиктердің бірі - журналист әрі блогер Өркен Кенжебек.

"Аюдың, қасқырдың тырнағы, мысықтың жыныс мүшелері, жасыл шұлық, сары банан, қызыл жіп немесе мата бізді Құдай жазып қойған кез келген сынақтан құтқара алмайды. Мұның бәрі ҰБТ-да жоғары балл жинауға, жоғары лауазымға ие болуға және бала тууға көмектеспейді. Бұл туралы білімі мен дипломы жоқ қойшы да білетін сияқты. Бірақ, өкінішке қарай, бұған сенетін адамдар бар", - деді Өркен.

Блогер 77 мыңнан аса адам сатып алуға дайын екеніне таңғалған.

"Қасиетті Рамазан айында ешкімді кінәлағым, айыптағым, үйреткім келмейді. Алайда жеті миллионнан аса жазылушысы бар, атақты блогерлердің бірі әрі ана, ол сене ме, жоқ па, қателесті ме, жоқ па, бәрі - оның жауапкершілігі. Оның қателіктерін 77 мың адам қайталайды. Бұл қоғамдағы рухани тәрбие деңгейін көрсетеді. Қызыл жіп сізге көмектеспейді. Қателеспеңіздер!"- деді блогер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети