Желіде iPhone 7 болуы мүмкін делінген видео жарияланды

23 Желтоқсан 2015, 10:19
0
Желіде iPhone 7 болуы мүмкін делінген видео жарияланды - © qq.com
© qq.com

Қытайдың QQ порталында iPhone 7 болуы мүмкін делінген видео жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru порталы Tech Radar басылымына сілтеме жасап.

Видеодан адамның қолын көруге болады, ол құрылғыны түрлі ракурстан көрсетеді. Телефонның корпусы толықтай металдан жасалған. Ал беткі жағында "Үйге" батырмасы жоқ және дисплейдің шетіндегі бүкпе көрінбейді. Сонымен қатар, кадрдан артқы камераның смартфонның жоғарғы, сол жағында емес, ортасында екенін көруге болады. Жазбаның соңында видеоның авторын біреу шақырып, түсірілім тоқтатылады. 

Басылымның мәліметінше, батыстық көптеген БАҚ жазбаның түпнұсқа екеніне күмән келтірді. Журналистердің пікірінше, құпия құрылғыны біреу видеоға түсіріп алғысы келсе, ол жазба Интернетке жарияланбайтын еді. Бұған дейін, Apple компаниясының бірден iPhone 7-нің түрлі моделін тестілеуден өткізіп жатқаны анықталды. Сонымен қатар, қазан айының соңында Tech Times порталы болашақ смартфонның "Үйге" батырмасынсыз болуы мүмкін екенін еске салды. Болжам бойынша, компания бұл мақсатта саусақ іздерінің сканерін жасап шығарған, ол экранға орнатылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай