Қытайлық Leagoo компаниясы S9 смартфонын таныстыруға дайындалып жатыр. The Verge порталының мәліметінше, жаңа гаджет Apple компаниясының соңғы туындысы iPhone X телефонының толықтай көшірмесі.
Қытайлық Leagoo компаниясы S9 смартфонын таныстыруға дайындалып жатыр. The Verge порталының мәліметінше, жаңа гаджет Apple компаниясының соңғы туындысы iPhone X телефонының толықтай көшірмесі.
Екі телефонды бір-бірінен ажырату өте қиын - S9 дизайны кішкентай детальдарынан дейін көшірілген. Алайда олар өз нұсқасында Apple компаниясының биылғы жаңалығы болған, бетті тану - Face ID жүйесін келтіре алмаған. Оның орнына қытайлықтар телефонның артқы бетіне саусақ іздерін тану жүйесін енгізген. S9 смартфоны шамамен 300 АҚШ долларына сатылады деп күтіледі.
iPhone смартфоны қарашада сатылымға шықты. АҚШ-та 999 долларға сатылып жатыр, ал біздің елде жаңа смартфон 479 000 - 549 000 аралығында бағаланды.
Жаңа iPhone иегерлері смартфонның ақаулары барын Желіде жазған. Apple өкілдері бұл ақауларды ауа райының суытқан кезінде сенсор істемейтіні жайлы пікір білдірген еді.
Would you buy an Android iPhone X clone for under $300? https://t.co/LHuxp6QpT1 pic.twitter.com/xdu5sWPSta
— The Verge (@verge) 12 декабря 2017 г.