"Жұрт қызғанышпен қарайды". 71 жастағы алматылық зейнеткер электрсамокат айдап жүр

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Андрей Зайцев ©Андрей Зайцев

Алматылық 71 жастағы Галина Даирбаева жақындары мен таныстарын сатып алған ерекше құрылғысымен таңғалдырды. Зейнеткер электрсамокат сатып алып, енді онымен жүруді үйреніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық 71 жастағы Галина Даирбаева жақындары мен таныстарын сатып алған ерекше құрылғысымен таңғалдырды. Зейнеткер электрсамокат сатып алып, енді онымен жүруді үйреніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Галина Рахимжановнаның айтуынша, бір жыл бұрын ол шамамен өзімен жасты әйелдің самокатты оңай айдап бара жатқанын көрген. Сөйтіп зейнеткер бұл сәнді, ыңғайлы көлікті өзі де сатып алу туралы ойға келген екен.

Зейнеткердің айтуынша, ол артрозбен ауырады екен. Сол себептен екі дөңгелекті көлік жағдайына орай ыңғайлы екенін түсініп, сатып алу үшін ақша жинай бастапты. 

"Самокат үстінде тұрып айдап келе жатқан қарт әйелді көрдім. Өзіме де осындай алу керек деп ойладым. Аяғым ауырады, жүру қиын. Міне, алдым. Тұрамын да жүре беремін. Әзірше шебер емеспін, бірақ 4 жасымнан қарапайым самокат пен велосипедті жақсы айдаймын. Сомокат алу үшін бір жыл шамасында ақша жинадым. 90 мың теңге тұрады. 3 шілдеде ғана сатып алдым", - деді қарт әйел алған затын мақтана көрсетіп.  

Галина Рахимжановна 13 жыл бойы зообаққа барғысы келіп жүргенін мойындады. Зейнеткер самокатты айдап үйренгеннен кейін ең алдымен ауруханаға, кейін дүкен аралап болған соң зообаққа баратынын айтып жоспарын бөлісті. 

"Емханаға аяғымды тексертіп рентген жасату үшін бару керек, ал дүкенге "Атакент" көрмесін көруге. Зообаққа барғым келеді. Электрсамокатта жүрген қатты ұнайды. Адамдар мені көргенде көз қиығын салып, қызғанышпен қарайды: "О, көршіміз кетті" деп. Әзірше аздап қана жүремін, күніне 20 минут, кейде жарты сағат. Себебі, айдау қиын әрі үйреншікті болмағандықтан аяғым қатты ауырады. Бұдан көп немесе ары жүруге әзірше қорқамын. Бірінші күні жылдамдығын басып едім, қорқып кеттім, тез жүреді екен. Ал үшінші күні ақырын жылдамдықпен қыдырып келдім. Үйдің маңында үйреніп жүрмін. Бүгін саябаққа барайын дегенмін", - деді 71 жастағы алматылық зейнеткер күліп.

Техникалық сипаттамасы жайлы қарт аса білмепті, ең басты назар аударғаны салмағы екен. 

"Сатып алғанда жас сатушы жігіттер күлген еді. Аяғым ауыратындықтан алғанымды айтып түсіндірідім. "Дұрыс әже, жарайды" дейді олар. Самокаттың жеңілін таңдадым, 7 келі тартады. Оны бірінші қабатқа жеңіл көтеремін. Жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейін жетеді. Қуат алатын индикаторы бар. 8 сағат қуат көзінде тұрады, ол 25 шақырымға жетеді. Ал автобуста адам көп, сол себептен самокатпен жүрген ыңғайлы", - деп сөзін аяқтады  Галина Даирбаева.

Сонымен қатар, самокатты кейде Галинаның сіңлісі Ольга Нигматуллина да айдайды екен. Әйел 70 жаста, ол да қызығушылықпен жаңа көлікті айдауды үйреніп жүр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro