14 қаңтар 2018 | 10:36

Қаскүнемдердің біреудің компьютерін қалай басқарып алатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Intel процессорларының осал тұсы анықталды, ол қаскүнемдердің бірнеше секунд ішінде компьютерді басқаруға жол ашып алуына мүмкіндік береді, - деп хабарланды компьютерлік қауіпсіздік саласында мамандандырылған F-Secure фин компаниясының сайтында.


Иконка комментария блок соц сети

Intel процессорларының осал тұсы анықталды, ол қаскүнемдердің бірнеше секунд ішінде компьютерді басқаруға жол ашып алуына мүмкіндік береді, - деп хабарланды компьютерлік қауіпсіздік саласында мамандандырылған F-Secure фин компаниясының сайтында.

Бұл проблема Active Management Technology технологияларында анықталды, олар компьютерді баптау мен қауіпсіздігін басқаруды қашықтан қатынасу арқылы қамтамасыз етеді. Әлем бойынша миллиондаған корпоративтік құрылғылар қаскүнемдердің құрығына ілінуі мүмкін, делінген F-Secure хабарламасында.

Қаскүнемдер құрылғыны қосу кезінде Intel Management Engine BIOS мәзіріне кіре алады, олар әдетте сақталып қойылатын парольді пайдаланады, содан кейін өзіне қашықтан қатынасуға жол ашады. Бұл олқылық бір қарағанда жай ғана нәрсе болып көрінуі мүмкін, алайда одан келетін нұқсан "орасан зор", деді F-Secure компаниясының қызметкері, проблеманы алғаш болып анықтаған Гарри Синтонен.

"Тәжірибеде оның көмегімен, қауіпсіздіктің ең мықты шараларына қарамастан, біреулердің жұмыс компьютерін толық басқаруға қол жеткізуге болады", - деді ол.

Сондықтан, құрылғыны мұндай қаскүнемдіктен сақтау үшін физикалық қолжетімділік болу керек. Ол дегеніміз, жүйені бұзу процесі өте жылдам жүреді, егер қоғамдық жерде компьютеріңізді бір минутқа қараусыз қалдырып кететін болсаңыз қаскүнемдердің құрбаны боласыз, деді компания мамандары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети