03 ақпан 2015 | 16:35

Қазақстанда сусамырға шалдыққандарға арналған мобильдік құрылғы жасап шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрылғыны жасап шығарғандардың презентациясынан алынған скриншот. Құрылғыны жасап шығарғандардың презентациясынан алынған скриншот.

Қазақстанда сусамыр дертіне шалдыққандарға арналған мобильдік құрылғы жасап шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жобаның ортақ құрылтайшыларының бірі - ІТ университетінің сусамыр дертінің бірінші дәрежесімен ауыратын студенті Ердәулет Беков.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда сусамыр дертіне шалдыққандарға арналған мобильдік құрылғы жасап шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жобаның ортақ құрылтайшыларының бірі - ІТ университетінің сусамыр дертінің бірінші дәрежесімен ауыратын студенті Ердәулет Беков.

Жоба авторларының айтуынша, қандағы қанттың мөлшерін қағадалап отыруға арналған заманауи шешімдер технологиялық жағынан ерекшеленеді, бірақ оның бірқатар жетімсіз жақтары да бар. Науқастар өздерімен бірге глюкометрді, тест-жолақша мен саусақтан қан алуға арналған құралды алып жүруі тиіс. Қандағы қанттың мөлшерін үнемі тексеріп отыру адамға жайсыздық туғызады, себебі бұл жағымсыз процедура, ол теріде із қалдырады, ал жиі піскілей бергеннен саусақтың бастары ауырып, адамның еңбекке қабілеттігін төмендетеді. Сонымен қатар, сусамырға шалдыққандар тест-жолақшаларды сатып алу үшін материалдық шығынға ұшырайды. Тіпті кейбір адамдар уақытылы тест жасауды естен шығарып алады.

Мобильдік құрылғыны ойлап тапқандар бұл мәселені шешудің басқа да жолын ұсынып отыр. Құрылғының құлақ сырғалығына тағатын қысқышы бар. Гаджет қандағы қанттың деңгейін автоматты түрде өлшеп, мәліметті ұялы телефонға жібереді. Телефондағы қолданба бірнеше міндетті атқарады - сусамырға шалдыққан адамның өзін-өзі қадағалап отыратын күнделігі бола алады, азық-түліктің көмірсу құндылығы туралы базасын қолдануға мүмкіндік береді, тамақ ішер алдында инсулиннің мөлшерін есептейді және жинақталған мәліметтердің барлығын өзге де ақпарат иесіне жібере алады.

Айта кетейік, науқастарға қандағы қанттың мөлшерін қадалап отыруға көмектесетін құрылғылар мен мобильдік қолданбалар "Өз кәсібіңді құр" байқауына қатысады және ол байқаудың 100 мың доллар грантын иеленуден үмітті. Айта кетейік, Қазақстанда сусамыр дертіне шалдыққан 700 мың адам бар.   

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети