Қазақстанда танымал смартфондар шығарылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда танымал смартфондар шығарылуы мүмкін Фото:depositphotos.com

Қазақстан танымал смартфондарды шығаруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан танымал смартфондарды шығаруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, Қазақстан Оңтүстік Кореяға Samsung смартфондарын бірлесіп шығаруды ұсынды. Бүгінде олар республикадағы ең танымалдардың бірі саналады.

"Бұл құрылғыларға сұраныс тұрақты түрде өседі. Қазақстан нарығының 50 пайыздан астамын оңтүстіккореялық бренд алатынын ескере отырып, Қазақстанда смартфондардың бірлескен өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Цифрлық даму министрлігі өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, ведомство біздің ел "бұл жобаға серіктес табуға дайын" ​​деп сендірді.

"Қазақстанда дарынды жастар, университеттер және кешенді инновациялық экожүйе базасы бар, бұл елді смартфондарды бірлесіп шығаруға қолайлы ете алады", - деп қосты ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети