Қазақстандық студенттер қала көшелерінде, яғни шынайы өмірде ойнауға болатын онлайн-квест жасап шығармақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ойынды мобильді қосымша арқылы ойнауға болады. Стартап авторлары: Әділ Жақыпбек, Қайсар Омар және Дамир Алдияров.

Авторлардың айтуынша, онлайн-квест "Мафия" ойынына ұқсас. Ойынға қосылған әр адамға бір роль беріледі, адам санына қарай олар командаларға бөлінеді. Квесттің мақсаты - қарсыласты бейтараптандыру. Ол үшін қалада GPS-навигатордың көмегімен жылжып отыру керек. Әр адам өзін және командасындағы достарын көре алады. Қарсыласты белгілі бір қашықтықта бейтараптауға болады.
Олардың айтуынша, онлайн-квест Ingress қосымшасының аналогына жақын. Бірақ, Ingress арқылы ойнау үшін көп уақыт керек, кейде ақша да қажет.
"Стартаптың негізгі ережелері мен концепциясы дайын, ойын толықтай жоспарланды. Біз осы ойынды жүзеге асыратын компаниямен байланысқа шықтық, 2500 доллар толығымен жетеді. Сонымен қатар біз ойынды жарнамалау керек деп шештік, ол да қаражатты талап етеді. Бірақ функционалдылығы мен көп адамдық құрылымына орай ойын 6-8 айдың ішінде танымал болатынына сенімдіміз", - деді жоба авторлары.
"Қазір экранды қозғалту арқылы ойналатын ойындар жүктеу жағынан рекорд орнатып отыр. Екінші орында сюжетті ойындар тұр, дегенмен олардың көбісі қиын, сондықтан да омұндай ойындар қатты танымал емес. Біз қарапайым ойын мен қызықты сюжеттен онлайн-квест жасауды ұйғардық", - деді Дамир Алдияров.