1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

Қытай телеарнасындағы жүргізуші адам болмай шықты09 қараша 2018, 09:47

Қытайдың мемлекеттік "Синхуа" ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды. Бұл туралы агенттіктің сайтында хабарланды. 

Оның түр-әлпеті, мінез-құлқы адамды айнытпай салады. Жасанды интеллект арқасында ол "тірі" әріптестерінен үлгі алып, дами алады екен. 

Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтті. Келесі күні ол ресми түрде жұмысына кірісіп кетті. Дәл осындай екі диктор болады екен: олардың бірі ағылшын тілінде жаңалықтар оқыса, екіншісі қытай тілінде. 

Синтезделген дауыспен қатарласатын осындай роботтар арқылы агенттік телеарнаға, сайттың және ұялы құрылғыларға жаңалықтарын жылдам дайындай алады. 

"Синхуа" өкілдері бұл технологияның мән-жайын әлі ұсынбады. Алайда жаңа роботтардың тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істей алатыны хабарланып отыр.


Елордада IT-кеңес құрылды