Қытайда көзге зияны жоқ алғашқы дисплей жасалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©TCL ©TCL

Қытайлық әзірлеушілер жаңа буын экрандарының технологиясын көрсетті. Олардың айтуынша, бұл ескілеріне қарағанда тиімдірек және көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі, - деп хабарлайды Naked-science.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қытайлық әзірлеушілер жаңа буын экрандарының технологиясын көрсетті. Олардың айтуынша, бұл ескілеріне қарағанда тиімдірек және көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі, - деп хабарлайды Naked-science.

Жаңа экранды TCL компаниясы Берлиндегі IFA 2020 көрмесіне алып келді. Әзірлеушілерге адамның көру қабілетіне қамқорлық жасайтын экрандар дайындау маңызды болған. NXTPAPER (технология) қазірдің өзінде көзді қорғау технологиясы бойынша 11 патент алған және Рейндегі неміс зертханасынан, швейцариялық SGS зертханасынан және VDE қауымдастығынан тиісті сертификаттары бар.

"Біздің жобамыз қазір өте өзекті, себебі адамдардың көбі үйден жұмыс істеуге, экранның алдында көбірек отыруға мәжбүр. Сондықтан жер шарының кез-келген нүктесінен өнімді болуға көмектесетін, денсаулықты да сақтайтына құрылғылар жасау керек деп шештік", - деді TCL бас менеджері Джефферсон Ли.

Зерттеулер екі жыл бойы жүргізілді. Нәтижесінде компания NXTPAPER - электрон кітаптарда тұрған E-Ink экрандарға балама ұсынды.

Болашақта технология сұйық кристалды дисплейлерді де алмастыра алады. Оның заманауи модельдерге тән кемшіліктері жоқ: түстер палитрасы кеңірек, ал жаңарту жиілігі мен пиксель тығыздығы әлдеқайда жоғары. Соның арқасында панель видеоны кез келген жарықта жыпылықтатпай Full HD сапасында көрсетеді және көк жарық шығармайды, ал көз ұзақ жұмыс кезінде шаршамайды.

Экран түстерді жақсы көрсету үшін табиғи жарықты пайдаланады және көру жүйесіне жүктемені азайтады. Әзірлеушілер бұл технологияның "көзге зиян тигізбейтін алғашқы дисплей" екенін мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro