Қытайлық компания дрон орнатылған смартфонды патенттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық компания дрон орнатылған смартфонды патенттеді © wikipedia.org

Қытайлық Vivo компаниясы дрон түрінде ұшып шығуы тиіс камерасы бар смартфонды патенттеді. Құрылғы қарапайым смартфон секілді, бірақ оның жоғары бөлігінде жылжымалы конструкциясы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смартфон конструкциясы Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымының (WIPO) сайтындағы патенттік өтініште сипатталған. Смартфонның жоғары бөлігінде екі камера мен үш инфрақызыл сезбегі бар шағын дрон жасырылған. Осының арқасында әуеде фото түсіруге болады.

© LetsGoDigital

Мұндай смартфон шығарылса, өзіңізді алыстан немесе қашықтан түсіру мүмкін болмақ. Алайда патентте дронды қалай басқару керегі айтылмаған. Дрон смартфон арқылы басқарылады деп топшылауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети