28 шілде 2020 | 15:13

Мамандар iPhone-ның осал жерін тапты

Фото: РИА Новости

Apple компаниясының смартфондары мен планшеттеріндегі процессордың осал жері анықталды. Бұл туралы Digitpol кибер қауіпсіздік агенттігі айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Apple компаниясының смартфондары мен планшеттеріндегі процессордың осал жері анықталды. Бұл туралы Digitpol кибер қауіпсіздік агенттігі айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Digitpol агенттігі бұл ақпаратты қытайлық Team Pangu бағдарламаны әзірлеушілер тобына сілтеме жасап хабарлайды.

Реклама
Реклама

Мамандардың пікірінше, мұндағы мәселе SEP (Secure Enclave Protection) процессорымен байланысты екен. Ол смартфон мен планшеттегі құпия ақпаратқа жауап береді. Оған құпия сөздер (пароль) мен биометриялық мәлімет те кіреді.

Құралдағы ақпаратты алу үшін Checkm8 эксплойты пайдаланылады. Ол автоматты түрде бұғаттау режимінен айналып өтіп, гаджеттегі құпия ақпаратты ашатын кодты табады. 

Сарапшылардың пікірінше, хакер құралдағы ақпаратты алу үшін смартфонды қолына түсірсе жеткілікті.

Мамандар Apple компаниясының смартфондары мен планшеттеріндегі осалдықты бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде жою мүмкін емес екенін айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная