Мектепте смартфон мен планшет қолдануға тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектепте смартфон мен планшет қолдануға тыйым салынуы мүмкін Көрнекі сурет © mosday.ru

Қазақстандық мектептерде смартфон мен планшет қолдануға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мектептерде смартфон мен планшет қолдануға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы премьер-министрдің "Нұр Отан" фракциясы депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды. Құжат Үкімет басшысының сайтында жарияланған.

"Білім беру ұйымдарында түрлі гаджеттерді (смартфондар, планшеттер және тағы басқа) қолдануға тыйым салу мүмкіндігін зерттеу бүгінде мұндай шараны жүзеге асырудың құқықтық шарттары бар екенін көрсетті (сегіз аймақта кәдімгі кнопка телефондар қолданылады)", - делінген Асқар Маминнің жауабында. 

Оның айтуынша, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, орта мектептерде оқушылар мен олардың ата-аналары смартфонды пайдалануға тыйым салуды оқу орнының ішкі тәртібін, жарғысын, ережелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер аясында реттеу жоспарланған. Білім беруді ұйымдастырудың ішкі ережелері және білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети