Петропавл көшелеріне smart орындықтар қойылып жатыр, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, енді тұрғындар ұялы телефондарын көшеде сымсыз қуаттай алады.
"Бұл - "Ақылды қала" бағдарламасының аясында жүзеге асқан жобалардың бірі. Цифрлық ноу-хау адамдар көп жүретін басты және орталық алаңдарға қойылған. "Ерекше" орындықтар емен ағашынан жасалған. Сондықтан, жауын-шашын мен аптап ыстықта бүлінбейді", - деп хабарлады тілші.
Тағы бір артықшылығы - орындықтар күн сәулесінен қуат алады.
"Қаланың орталық алаңдарында төрт smart орындық орнатылды. Олар тегін Wi-Fi да таратады. Енді тұрғындар көшеде серуендеп қана қоймай, ұялы телефондарын қуаттай алады", - деді қалалық әкімдік бөлімінің бас маманы Асхат Рамазанов.