Qazaq Air өкілдері де Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әуекомпания өкілдері хабарлады.
Qazaq Air өкілдері де Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әуекомпания өкілдері хабарлады.
Тіркеу үстеліндегі смартфонды алып өтуге тыйым салу туралы хабарламаны блогер Яков Федоров байқаған. "Qazaq Air да Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салды", - деп жазды ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.
"Samsung Electronics компаниясының Samsung Galaxy Note 7 смартфондарына қатысты ресми хабарламасының негізінде, сондай-ақ, Әуе көлігі халықаралық қауымдастығы (IATA) мен ҚР Азаматтық авиация өкілдерінің хабарламасына сәйкес, Qazaq Air жолаушылардан Samsung Galaxy Note 7 телефонын қосудан, қуаттаудан, сондай-ақ осы телефонды жүкке тапсырудан бас тартуды сұрайды." - деді әуе компанияның өкілдері.
Сонымен қатар, SCAT әуекомпаниясындағылар да жолаушылардан смартфондарды қосудан бас тартуды сұрайды.
"Samsung Galaxy Note 7 гаджеттерімен болған оқиғаларға байланысты, SCAT әуекомпаниясы мен Азаматтық авиация комитеті бортта смартфондарды өшіріп, оларды қуаттамауды сұрайды", - деді әуекомпаниядағылар.
Азаматтық авиация комитетінің өкілдері де кейінірек осы жағдайға байланысты түсінік беретінін айтты.
Айта кетейік, осыған дейін "Эйр Астана" өкілдері неліктен Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салғанын түсіндірген болатын.