Қытайдан жаңа қауіпті вирус iPhone мен iPad-қа шабуылдауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдан жаңа қауіпті вирус iPhone мен iPad-қа шабуылдауда Tengrinews.kz иллюстрациясы

 Apple өнімдерін қолданушыларға iPhone және iPad, сондай-ақ компанияның басқа да жабдықтарын зақымдайтын WireLurker атты жаңа әрі қауіпті вирус туралы ескерту таратылды, деп хабарлайды The New York Times. Қазіргі уақытта зиян келтіргіш БЖ негізінен Қытай өнімдерін қолданушылардікін "бүлдіруде". Бірақ сарапшылар мұның ғаламдық сипат алып кетуі тиіс екендігін жоқа шығармайды.

Вирус Mac OS X және iOS операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын iPhone, iPad және басқа да жабдықтарға Apple өнімдеріне арналған қосымшалар арқылы тысқары онлайн-дүкендерден еніп кетіп, қолданушының ақпараттарын көшіріп алуы мүмкін. Америкалық Palo Alto Networks компаниясының деректері бойынша, WireLurker вирусы 400-ден астам қосымшаларға "індет" жұқтырған. Соңғы жарты жылда зарарлы ("індет" жұққан) бағдарламалар 356 мыңнана артық рет көшіріліп алынған. Сарапшылар бұл iPhone, iPad және Apple өнімдерінің басқа жабдықтарын қолданушылардың жүз мыңнан астам құралдарын бүлдіруі мүмкін деп болжауда.

Palo Alto Networks компаниясы сарапшысының айтуынша, iPhone және iPad-тарды зақымдаушы вирус басқарушы серверден әр түрлі толықтырулар ала отырып, белсенді даму кезеңінде. Сарапшылар ботнеттің – зақымданған жабдықтар желісінің - пайда болуы ықтитмал екекндігін де айтуда. Олардың "қожайынына" бағына отырып, әртүрлі әрекеттерді орындаулары да мүмін. Мысалы, Ғаламторда нақты бір серверге DdoS-шабуылдар ұйымдастыруы да, спамдар таратуы да мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети