Samsung экраны бүктелетін алғашқы смартфонды дайындап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Samsung экраны бүктелетін алғашқы смартфонды дайындап жатыр © Youtube

Samsung экраны бүктелетін алғашқы смартфонды дайындап жатыр, - деп хабарлайды Macdigger.ru

ПОДЕЛИТЬСЯ

Samsung экраны бүктелетін алғашқы смартфонды дайындап жатыр, - деп хабарлайды Macdigger.ru

Samsung компаниясы экраны бүктелетін смартфонның бірінші түрін 2011 жылы таныстырған болатын. Сол уақыттан бері желіде осындай сериялы смартфондардың жарыққа шығатыны туралы қауесеттер де айтылған еді. Экраны бүктелетін смартфонның алғашқы түрін таныстырғаннан кейін, яғни бес жылдан соң корейлер бұл смартфондарды жаппай өндіруді шешті.

Сонымен қатар, Samsung компаниясының жаңа патенттеріне қарағанда Сеулдегілер бұл смартфонның технологияларын жүзеге асыруға барын салып жатыр. 

Ал компанияның басқа патенттерінде қолданушы мен смартфонның арасындағы байланыс туралы айтылады. Мысалы, гаджет оны бүктеген кезде команданың барлығын орындай алады. Сонымен қатар, смартфон оны арлы-берлі қозғалту арқылы басқа да фунцияларды атқарады.

Айта кетейік, Samsung компаниясының планшеттерді, электрондық оқулықтарды және басқа да құрылғыларды, оның ішінде көзілдіріктерді және ноутбуктерді шығаруға құқық беретін куәлікті алды.

Сонымен қатар, егер телефон иесі смартфонды қолданбаса да, телефон өз бетінше жалпақ формаға келеді екен. Бұл телефонды бір саусақтың көмегімен бүктеуге немесе жазуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети