Skype қолданушыларының өз смартфоны пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайваньның LinkTel компаниясы Skype байланысына ғана арналған смартфон шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz iXBT.com порталына сілтеме жасап. Android 4.2 базасымен жұмыс істейтін смартфонға екіядролы процессоры бар Allwinner Technoligy A20 біркристалды жүйесі негіз етіп алынған. Аппараттың 4,3 дюйм, 800х480 пиксель дисплейі және 2 Мп өлшемді камерасы бар. Операциялық жады - 512 МБ, флеш-жады мүмкіндігі - 4 ГБ. Құрылғының өлшемі - 129х67х10 мм. Скайпофон Skype қолданушыларына тегін әңгімелесуге мүмкіндік береді. Ол үшін Wi-Fi желісі қажет. Стационарлық және ұялы телефондарға да қоңырау шалуға болады, бірақ ол қызмет үшін Skype желісінің кредитін пайдалануға тура келеді. Құрылғыны қытайлық өндірушілердің бірі шығарып отыр. Ерекше телефон Тайваньда 66 доллар тұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети