Sony 60 жылда алғаш рет атауын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Sony 60 жылда алғаш рет атауын өзгертті

Түсті теледидарлар мен портатив кассета ойнатқыштарының арқасында әлемге танылған жапониялық SONY корпорациясы 60 жылда алғаш рет Sony Corp деген ресми атауын өзгертті. Ол енді Sony (Sony Group Corp) деп аталды, - деп хабарлайды РИА Новости

Сонымен қатар, компанияға кіретін Sony Electronics Corporation, Sony Imaging Products & Solutions Inc., Sony Home Entertainment & Sound Products Inc. және Sony Mobile Communications Inc. топтары енді Sony Corporation деп аталатын бірыңғай компанияға біріктірілді.

Киодо агенттігінің мәліметінше, атаудың өзгеруі Sony шығаратын PlayStation-нің танымалдығын, камералар мен смартфондардағы кескін сенсорларына сұраныс артқанын, анимациялық фильмдер шығару әртараптандырылғанын көрсетеді.

Айта кетейік, бұрынғы Sony Corp. атауы 1958 жылы Tokyo Telecommunications Engineering Corporation атауын өзгерту нәтижесінде пайда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети