02 сәуір 2015 | 14:20

Tengrinews.kz сайты Қазақстанның бірінші мессенджері iTys қызметін сынап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz сайты Қазақстанның бірінші мессенджері iTys қызметін сынап көрді. Айта кетейік, бұл мессенджер 2014 жылдың қараша айында таныстырылған еді. Қосымша iOS және Android платформаларында жұмыс істейді және ол 150 мың рет жүктелген.


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz сайты Қазақстанның бірінші мессенджері iTys қызметін сынап көрді. Айта кетейік, бұл мессенджер 2014 жылдың қараша айында таныстырылған еді. Қосымша iOS және Android платформаларында жұмыс істейді және ол 150 мың рет жүктелген.

iTys қосымшасы жалпы алғанда WhatsApp сервисінің функционалына ие. Бір қарағанда ұлттық колориті бар дизайнымен және көптілдігімен ғана ерекшеленеді - бағдарлама баптауларында интерфейске қазақ, орыс және ағылшын тілдерін таңдауға болады. iTys телефонның әдеткі пернетақтасына лайықталған, сондықтан қазақ тілінде жазу үшін сәйкес жүйе орнатылуы тиіс.  

Қолданушы бағдарламаны орнатқаннан кейін оған тіркелу керек. Мұнда да аккаунт телефон номерімен байланысады. Мақұлдау үшін жеке коды бар SMS жіберіледі. 

Баптауларда бағдарлама бетінің түсін таңдауға болады - көк немесе қою сары. Жоғарыда бөлімдер орналасқан, бір ерекшелігі, бұл жерге "Жаңалықтар" айдары қосылған. Мәселен, 2 сәуірде құрастырушылар осы күні 1993 жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылғанын еске салды. Айта кетерлігі, менюден барлық диалогтарды өшіруге және топтар мен байланыс тізімін өшіріп тастауға болады - бұл қызмет iTys қосымшасын жаңадан жүктеген достарды іздеуге пайдалы болуы мүмкін.

Хат жазысу процесі өзге мессенджерлерге ұқсайды. Хабарламаның жеткізілгенін білдіретін жасыл белгі жанады. Айта кетейік, дәстүрлі дауыс белгісі шаңқобыздың дыбысымен жеткізіледі. Мұнымен қатар, дауыспен жіберілетін хабарламаларды жіберуге, алуға болады. Десе де, WhatsApp немесе Viber сияқты қосымшалардағыдай телефон шалуға болмайды. 

Смайлдар де ерекше. Смайлдар ұлттық бас киімдер киген. Мұнымен бірге, қосымша бөлімдерде әдеткі смайлдарды табуға болады. 

Сөйлесуші адаммен фото және видео алмасуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, файлдарды жіберуге болады, осы қызмет iTys қосымшасын өзге мессенджерлерден ерекшелендіреді.

Бірақ файлды жіберу кезінде қосымша диспетчері немесе оның аналогы көрсетілмейді. Ал көрсету үшін файлды бірінші кезекте Google Drive қызметіне жүктеу керек. 

Жалпы алғанда iTys өзге мессенджерлердің қызметін жасай алады. Хабарламалар Интернет жылдам болмаса да тез жетеді, push-ескертпелер де дереу келеді. Әзірше қосымшаның танымал бола алмай отырғаны оның басты кемшілігі болып отыр, себебі қазақстандықтардың басым бөлігі WhatsApp, Viber немесе Telegram сияқты сервистерді пайдаланады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети