Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

TikTok балаларға арналған қауіпсіздік шараларын сынақтан өткізеді 09 ақпан 2022, 14:29

TikTok қосымшасы ата-ана бақылауы, жас ерекшелігі және контентке кірген кезде шектеу қоятын функцияны сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

TikTok қосымшасы ата-ана бақылауы, жас ерекшелігі және контентке кірген кезде шектеу қоятын функцияны сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Кейінгі жылдары жасөспірімдер арасында танымал болып келе жатқан TikTok қосымшасын әзірлеушілер брифингте балаларға ересектерге арналған контентті шектейтін шағын сынақ өткізетінін айтты.

Бейжіңдегі ByteDance-тің құрамына кіретін компания қызметкері фильмдер мен ойындарға қолданылатын тәжірибелер мен контентті бағалау стандарттары үлгі ретінде алынғанын айтты. 

Сонымен қатар, ата-ана мен қамқоршы өз құрылғысынан баласы көретін контентті шектей алады, ал контент авторлары жас рейтингін көрсете алады.

Reuters агенттігі мәліметінше, TikTok қызметкері Instagram-ды жасөспірімдер психикасына зиян келтіреді деп сынға алғаннан кейін АҚШ билігі тарапынан тексеріске байланысты контентке бақылауды күшейтуге шешім қабылданғанын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram