15 сәуір 2015 | 12:41

Ұялы телефонға арналған қазақстандық ойындар Қытайда белсенді түрде жүктеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Steampunk Tower скриншоты @Steampunk Tower скриншоты

Ұялы телефондарға арналған қазақстандық ойын Қытайда үлкен сұраныспен қолданылып жатыр. Бұл турлы Tengrinews.kz тілшісіне қосымшаны жасаушы Максим Иванченко айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Ұялы телефондарға арналған қазақстандық ойын Қытайда үлкен сұраныспен қолданылып жатыр. Бұл турлы Tengrinews.kz тілшісіне қосымшаны жасаушы Максим Иванченко айтып берді.

Иванченко командасымен бірге ұялы телефондарға арналған бірнеше ойын жасаған. Олардың ішіндегі ең танымалы - қару арқылы мұнараға жасалған шабуылды қайтара алатын Tower Defence ойыны. Steampunk Tower қосымшасы ІOS және Android платформаларында шықты, болашақта PC нұсқасы пайда болады.

"Steampunk Tower қосымшасын миллионнан астам адам жүктеп үлгерді. Біздің тегін flash-ойынымызды да миллионға жуық адам пайдаланады. Олардың жартысына жуығы ойынды тегін жүктей алатын - Қытай тұрғындары. Ал ең жомарт қолданушылар - еуропалықтар мен америкалықтар. Ойын Шығыста, Жапония мен Кореяда жақсы өте қойған жоқ", - деді Иванченко.

Ұялы телефонға арналған ойынды жасау үшін команда жарты жылдай жұмыс істейді. Көп уақыт жақсарту мен апдейтке кетеді. Қосымшаны әртүрлі телефондар мен экранға ықшамдауға да көп уақыт жұмсалады. Қазақстандық компания ойынды нарықта жарнамалау үшін шетелдік баспашылармен жұмыс істеп жүр. Болашақта команда қосымшаларды өздері шығаруды жоспарлап отыр.

Иванченконың айтуынша, телефонға арналған ойынды жасап шығарушыларда кадрлық қиындықтар бар. Оларға бағдарламашылар мен суретшілер керек. "Фрилансқа көп уақыт жіберуге тура келеді. Себебі, бағдарламашы движок пен технологияны басынан бастап зерттейді. Бұл сфераға өздерінің ісіне қызығушылықпен қарайтын адамдар керек. Олардың білімі аз болса да, үйреніп кетеді. Бізге көп жалақы алып, аз жұмыс істейтін адамдар керек емес", - деді бағдарламашы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети