Видео түсіріп тұрған қолданушының қолында iPhone 7 смартфоны жарылып кетті

© MacDigger

?ытайда жа?а iPhone 7 смартфоны ?олданушыны? ?олында жарылып кетті, - деп жазады Gizmochina.

Қытайда жаңа iPhone 7 смартфоны қолданушының қолында жарылып кетті, - деп жазады Gizmochina.

Қытай тұрғынының айтуынша, iPhone 7 смартфоны бейнетүсірілім кезінде жарылып кеткен. Салдарынан қолданушының бірнеше саусағы күйіп қалып, смартфонның сынығы оның бетін сырып кеткен. Басылымның мәліметінше, ер адам Apple қолдау қызметіндегілерге хабарласқан.

Реклама
Реклама


Ал компаниядағыларлың берген жауабында Apple өкілдері Қытайда мұндай мәселелермен айналыспайтынын жазған. Сондықтан да зардап шеккен ер адамның өтініші Apple штаб-пәтеріне жіберілген.


Суреттер gizmochina.com сайтынан алынған

Енді смартфон қолданушысы компаниядағылардан өтемақыны өндіріп алмақшы. Бірақ ол смартфонды қай дүкеннен сатып алғанын нақтыламады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

iPhone 7 смартфоны осымен екінші рет өздігінен жарылып отыр. Осыған дейін де қолданушылар iPhone 7 смартфонының ақауларына шағымданған еді. 

Айта кетейік, смартфондармен болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты Samsung компаниясы да Galaxy Note 7 өндірісін тоқтатқан болатын. Сарапшылардың мәліметінше, Samsung компаниясына түскен шағымдардың салдарынан компанияға 17 миллиард доллар шығын келген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама