07 қазан 2016 10:21

Қолданушылар iPhone 7 смартфонының ақауларына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© © appleinsider.ru © © appleinsider.ru

Қолданушылар iPhone 7 смартфонының іске қосу кезіндегі ақауларына тап болды. Lenta.ru басылымының мәліметінше, сатып алынған смартфондардағы Apple ID бөтен біреулерге тіркелгені анықталған. 


Қолданушылар iPhone 7 смартфонының іске қосу кезіндегі ақауларына тап болды. Lenta.ru басылымының мәліметінше, сатып алынған смартфондардағы Apple ID бөтен біреулерге тіркелгені анықталған. 

Twitter желісінде Balders нигімен тіркелген қолданушы Apple өнімін сатып алғаннан бастап қиындықтарға тап болған. "Менің телефонымды біреу қолданған секілді, себебі су жаңа iPhone смартфонымда Apple ID басқа бір бөтен адамға тіркелген. Компанияның қызмет көрсету мамандары смартфонды ауыстыру керектігін айтты", - дейді ол.

Қиындықтар тек жаңа смартфондарда емес, ертеде шыққан алтыншы нұсқаларында да кездеседі, деп жазады MacRumors порталы. Кейбір зардап шегуші қолданушылар осындай жағдайға тап болып, Apple компаниясының қызметкерлерінің көмегімен іске қосу мүмкін болғанын жазған. Ал, кейбіреулері ескі смартфонын жаңасына ауыстыруға мәжбүр болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети