16 сәуір 2022 09:43

WhatsApp 16 сәуірден бастап жаңаша жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akket.com © akket.com

2022 жылдың 16 сәуірінен бастап WhatsApp мессенджері жұмысының негізгі қағидаларын өзгертіп, одан да әмбебап бола түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AKKet.com сайтына сілтеме жасап. 


2022 жылдың 16 сәуірінен бастап WhatsApp мессенджері жұмысының негізгі қағидаларын өзгертіп, одан да әмбебап бола түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AKKet.com сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, бұл өзгеріс жаңа аудиторияны тартуға және басқа мессенджерлермен белсенді бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Жаңашылдықтардың бірі - салмағы екі гигабайтқа дейінгі файлдарды мессенджер арқылы жіберу. Әзірге 200 мегабайт лимит тұр, сондықтан ауыр файлды жібері мүмкін емес.

Сонымен қатар, мессенджер топтық аудиожазбаға қатысушылардың санын 32 адамға дейін көбейту туралы шешім шығарды. Яғни, 16 сәуірден бастап 32 адам бір уақытта бір-бірімен сөйлесе алады. 

Сондай-ақ, пайдаланушылар хабарламаға реакция қалдыра алады. Реакция функциясы жеке және топтық чаттарда да жұмыс істейді.

Мессенджер топтардағы пайдаланушыларды жеке бір топқа біріктіруге және оларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл функциялармен қолдана алу үшін WhatsApp-ты App Store және Google Play дүкендерінде жаңарту керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети