WhatsApp номердің өзгергенін ескертетін қызметті іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp номердің өзгергенін ескертетін қызметті іске қосты © REUTERS/Dado Ruvic

WhatsApp-та номер өзгерту мүмкіндігі пайда болды, деп жазды life.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp-та номер өзгерту мүмкіндігі пайда болды, деп жазды life.ru.

Порталдың хабарлауынша, бұл мүмкіндік әзірше Android қолданушыларға ғана берілген. Алайда көп ұзамай iPhone және Windows Phone үшін де бұл өзгеріс іске қосылатын болады.

"Интернетте WhatsApp қосымшасының жаңа нұсқасы пайда болды, ол Android-құрылғысын қолданушылардың белгіленген контактыларына номердің өзгергені туралы хабарлай алады", - делінген жарияланымда.

Мессенджердің жаңартылуы "Номерді өзгерту" базалық функциясын кеңейту арқылы жүзеге асырылған. Жаңартылған қызметтің көмегімен WhatsApp қолданушылары баптауды, ақпаратты және топтарды көшіре алады.

Айта кетейік, WhatsApp мессенджерінің бета-нұсқасы орнатылған соң қолданушылардың барлығына номердің өзгергені туралы ескертуге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети