Желіде Samsung Galaxy S9 және S9+ смартфондарының суреті пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Samsung Galaxy S9 және S9+ смартфондарының суреті пайда болды © Beawiharta Beawiharta / Reuters

2018 жылы шығуы тиіс Samsung Galaxy S9 және S9+ смартфондарының суреті Желіде пайда болды. Суреттерді Venture Beat порталы жариялады, деп хабарлады Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылы шығуы тиіс Samsung Galaxy S9 және S9+ смартфондарының суреті Желіде пайда болды. Суреттерді Venture Beat порталы жариялады, деп хабарлады Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, 5,8-дюймдік S9 бен 6,2-дюймдік S9+ бұрын шыққан смартфондардан аса қатты ерекшеленбейді. Бірінші модельдің жедел жады  - 4 гигабайт және кіріктірілген жады 64 гигабайт болса, екінші модельде 6 және 128 гигабайт болады.

Galaxy S9 және S9+ смартфондарының негізгі ерекшеліктері сурет пен видеоны өңдеуге арналған бағдарламаның және құрылғының жаңартылуы болады. 12-мегапиксельді камера super slow-motion ("баяулатылған түсірілім") әсерін қолдануға мүмкіндік береді, яғни секундына 480 кадр жасауға болады. Алдыңғы камераның ажыратымдылығы - 8 мегапиксель.

Сонымен қатар, басылымның мәліметтеріне қарағанда, екі смартфонда да түрді айыра білу жүйесі жақсартылған, ал саусақ іздерінің сканері камераның жанында емес, төменгі жағында орналасқан.

Айта кетейік, жаңа смартфонның ресми релизі 25 ақпанға белгіленді. Ал сатылымға 16 наурыздан бастап шығады деген болжам бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети