Желіде жаңа iPhone макеттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде жаңа iPhone макеттері пайда болды

Желіде жаңа iPhone макеттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде жаңа iPhone макеттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Инсайдер Вениамин Гескин Twitter әлеуметтік желісінде макеттердің суретін жариялады, болжаммен ол жаңа  iPhone XI және iPhone XI Max смартфондарына арналған. 

iPhone смартфонының жаңа құрылғысының алдыңғы бөлігі бұрынғыдағыдан аса айырмашылығы болмайтын көрінеді. Алайда макеттердің суреті модельдердің жаңа дизайнда болатыны туралы қауесеттерді растады. 

Қолданушылардың болжауы бойынша, смартфонның жоғарғы бөлігі өзгеріске ұшырайды. Телефонның тысқабы (чехол) панельді жаппайды, сол себепті ол жерге кез келген өзгерістер енгізілуі мүмкін, алайда нәтиже қатты өзгермейді. Осыған дейін, сарапшы Мини Чжи Куо фроналды камера экран әйнегінің астында қалып қоятынын айтқан еді. 

Осыған дейін Желіде иілгіш iPhone сызбалары жарияланған еді. Америкалық Apple компаниясы иілетін смартфон моделін патенттеді. Осыған ұқсас Samsung және Huawei әзірлеген гаджеттер жобасынан айырмашылығы ол екі жаққа да иіледі. Apple арнайы полимерлі жабынды ойлап тапқан, соның арқасында дисплей иілгіш әрі төзімді болып, жарылып кетуден және басқа да зақым келуден сақтайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети