Алматыда ішек инфекциясы мен энтеровирус өршіді: тұрғындар нені білуі керек?

Фото:depositphotos.com

Алматыда қаңтар-мамыр аралығында өткір ішек инфекциясының 1318 жағдайы тіркелді, науқастардың 70 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі бала. Мамандар аурудың көбеюін күн ысумен, гигиена талаптарының бұзылуымен және тағам сапасымен байланыстырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сарапшылар айтты, деп хабарлайды TengriHealth.

Алматыда қаңтар-мамыр аралығында өткір ішек инфекциясының 1318 жағдайы тіркелді, науқастардың 70 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі бала. Мамандар аурудың көбеюін күн ысумен, гигиена талаптарының бұзылуымен және тағам сапасымен байланыстырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сарапшылар айтты, деп хабарлайды TengriHealth.

Алаңдатарлық статистика

Алматы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті күн ыстықта өткір ішек және энтеровирустық инфекцияларды жұқтыру қаупі айтарлықтай артатынын ескертті.

Жарнама
Жарнама

Департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, бұған ауа температурасының жоғарылауы мен санитариялық ережелердің сақталмауы себеп болады.

"Жазғы кезеңде өткір ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі жиілейді. Оларға: тағамнан болатын токсикоинфекциялар, сальмонеллез, дизентерия, энтеровирустық инфекциялар және вирустық А гепатиті жатады", - деп атап өтті спикер.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың бес айында Алматыда өткір ішек инфекциясының 1318 жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ қалада:

  • тағамнан болатын токсикоинфекцияның 21 жағдайы (оның 13-і - 14 жасқа дейінгі балалар арасында);
  • сальмонеллездің 12 жағдайы;
  • бактериалды дизентерияның бір жағдайы тіркелді.

Бұдан бөлек дәрігерлер энтеровирустық этиологиядағы серозды менингиттің жеті жағдайын анықтады, оның бесеуі - 14 жасқа дейінгі балалар. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 28,5 пайыз жоғары.

Анықтама: Энтеровирустық этиологиядағы серозды менингит - бұл энтеровирустар қоздыратын ми және жұлын қабықтарының қабынуы.

Инфекция қайдан шығады?

Эпидемиологиялық зерттеу мәліметтеріне сәйкес, науқасып қалғандар ауруды гигиена сақтамаумен, нашар жуылған өнімдерді тұтынумен және бассейнге барумен байланыстырған.

"Ішек инфекциялары тобының негізгі берілу жолы - фекальді-оральді. Яғни, қоздырғыштар ағзаға ластанған өнімдер, су, тамақ дайындау және сақтау кезіндегі қателіктер, жуылмаған қол, сапасыз су және тұрмыстық заттар арқылы түседі", - дейді Әсел Қалықова.

Дәрігерлер негізгі белгілер ретінде мыналарды атады:

  • жүрек айну,
  • құсу,
  • іш өту,
  • дене температурасының көтерілуі,
  • тәбеттің төмендеуі,
  • жалпы әлсіздік.

Департамент тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылуға болатынын ерекше ескертті. Шомылу кезінде суды жұтып қоймау маңызды.

Сондай-ақ мамандар ауру маусымдық өршіген кезеңде бассейнге, аквапарк пен ашық су айдындарына баруды шектеуге кеңес береді.

Сайран көліне тәтті мақта дайындайтын ыдысын жуған саудагердің әрекеті қазақстандықтардың ашуын туғызды. СЭБ өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді.

Тағы оқыңыз: Жаз мезгіліндегі ішек инфекциясы: қандай жағдайда дәрігер шақыру қажет?

“Қазақстандықтардың 70 пайызға жуығында бар“: асқазан обырын тудыратын бактерия туралы

Tengrinews

Жарнама
Жарнама