ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда коттедждің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен бала ауыр жарақаттармен жансақтау бөлімінде жатыр. Шұғыл ота кезінде дәрігерлер зақымның ауырлығына қарамастан, оның қолын аман сақтап қалды, - деп хабарлайды TengriHealth.
№7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, бала түскен кезде дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған. Ол комада болған. Дәрігерлер мынадай диагноздар қойды:
Ауруханаға жатқызылғаннан кейін бірден мамандар жараларды өңдеп, диагностикалық зерттеулер жүргізді, науқастың жағдайын тұрақтандырып, оны шұғыл отаға дайындады.
Отаны №7 қалалық клиникалық аурухана мен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының мамандары бірлесіп жасаған.
"Дәрігерлер зақымдалған иық артериясын қалпына келтіріп, сүйек сынықтарын бекітті, аяқ-қолдың қан айналымын сақтап, ауыр асқынулардың алдын алды", - делінген хабарламада.
Баланың жағдайы тұрақталғаннан кейін ол №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі уақытта ол сол жерде қарқынды ем алып, мамандардың бақылауында және одан арғы оңалтудан өтіп жатыр.
№7 қалалық клиникалық аурухананың травматолог-дәрігері Әнуар Бейбітовтің айтуынша, мұндай жағдайлар барлық қызметтен барынша жинақылық пен жеделдікті талап етеді.
"Бұл жағдайда екі аурухананың медициналық топтары біртұтас механизм ретінде жұмыс істеді. Бұл қажетті оталарды дер кезінде жасауға және балаға одан арғы мамандандырылған емді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", - деді маман.
Медицина қызметкерлері ата-аналарды пәтерлер мен жеке үйлерде, әсіресе, жаз мезгілінде ерекше сақ болуға шақырды.
№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Данияр Сәбденәлиев мұндай оқиғаның көбінің алдын алуға болатынын қадап айтты.
"Биіктен құлаудың әрбір жағдайы ауыр зардаптарға - сүйектердің күрделі сынуынан бастап, бас-сүйек ми жарақаттарына және өмірге қауіп төндіруге дейін әкелуі мүмкін. Ата-аналар тиісті деңгейде қырағылық танытса, мұндай қасіреттердің көбін болдырмауға болады. Кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмаңыздар", - деді ол.