ІІМ Алматыда жасырын дәрі өндірісі анықталып, ірі көлемде жалған дәрі-дәрмек тәркіленгенін хабарлағаннан кейін, дәрілердің қауіпсіздігі мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Tengri Health тілшісі сатып алушылар дәрінің түпнұсқасын қолдан жасалған өнімнен қалай ажыратуға болатынын анықтады.
ІІМ Алматыда жасырын дәрі өндірісі анықталып, ірі көлемде жалған дәрі-дәрмек тәркіленгенін хабарлағаннан кейін, дәрілердің қауіпсіздігі мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Tengri Health тілшісі сатып алушылар дәрінің түпнұсқасын қолдан жасалған өнімнен қалай ажыратуға болатынын анықтады.
Жалған дәріні қалай ажыратуға болады?
Мемлекеттік бақылау жүйесі болғанына қарамастан, жалған дәрілер әлі де заңсыз айналымнан анықталып жатыр. Соның соңғы мысалдарының бірі – Алматыда дәрілерді заңсыз тасымалдап, оларды дәріханалар арқылы сатты деген күдікке ілінген төрт фармацевтикалық компания қызметінің тоқтатылуы.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер психотроптық заттар бар дәрілерді де қолдан жасап шығарумен айналысқан. Сондай-ақ тергеу барысында ұйымдастырушыларға ақша үшін қолдау көрсетті деген күдікпен Фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды қызметкерлері анықталып, ұсталды.
Мұндай жағдайлар дәрі сатып алғанда өте мұқият болудың маңызын көрсетеді.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мәліметінше, сатып алушылар дәрінің түпнұсқа екенін цифрлық таңбалау жүйесі арқылы өздері де тексере алады.
Ведомствоның түсіндіруі бойынша, заңды түрде сатылатын дәрілердің қаптамасында Data Matrix коды болады. Оны Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы сканерлеуге болады.
Data Matrix коды
Кодты сканерлегеннен кейін жүйе:
- дәрінің заңды айналымда бар-жоғын;
- қаптаманың ресми жеткізу тізбегі арқылы өткен-өтпегенін;
- кодтың айналымнан шығарылған-шықпағанын көрсетеді.
Егер жүйеде ешқандай мәлімет шықпаса, мұндай дәріні сатып алмаған дұрыс.
Дегенмен комитетте кодтың болмауы әрдайым дәрінің жалған екенін білдірмейтінін атап өтті.
"Міндетті таңбалау тек 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген дәрілерге енгізілді. Бұған дейін шығарылған дәрілер жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін Data Matrix кодынсыз айналымда бола алады", – деп түсіндірді комитет.
Сонымен қатар дәрінің мемлекеттік тіркеуден өткенін DARIKZ мобильді қосымшасы немесе Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайты арқылы тексеруге болады.
Фото: depositphotos.com
Дәрілердің заңсыз айналымы қаншалықты жиі анықталады?
Ведомство мәліметінше, жалған және тіркелмеген дәрілер көбіне елге заңсыз әкелу, бейресми сайттар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сату, сондай-ақ фармацевтикалық қызметке лицензиясы жоқ адамдар арқылы таралады.
Дәрілер айналымы саласындағы заңбұзушылықтар жыл сайын анықталып, олардың материалдары сотқа жіберіледі немесе әкімшілік тәртіппен қаралады.
2026 жылдың басынан бері жалпы сомасы 21,2 миллион теңгеге 44 әкімшілік хаттама толтырылған. 2025 жылы 77 миллион теңгеге 161 хаттама, ал 2024 жылы 31 миллион теңгеге 51 хаттама тіркелген.
Заңсыз дәрі сатуды интернет пен маркетплейстерде тоқтатуға ерекше назар аударылып отыр. Фармацевтикалық бақылау комитеті мәліметінше, 2025 жылы тіркелмеген дәрілерді сату туралы ақпаратты өшіру талабымен 20-дан аса өтініш жолданған.
"2026 жылы мұндай дәрілерді таратқан 128 интернет-ресурсқа қолжетімділікті шектеу шаралары басталды", – деп хабарлады комитет.
Қолданыстағы бақылау жүйесіне қарамастан, жалған дәріге тап болу қаупі толық жойылған жоқ. Сондықтан мамандар дәрілерді тек лицензиясы бар дәріханалардан сатып алып, олардың түпнұсқалығын міндетті түрде тексеруге кеңес береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!