ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжілісте Президент тапсырмасына қарамастан, "Самұрық-Қазына" қоры неге "Қазақстан халқына" қорына қаражатты толық көлемде аудармай отырғаны талқыланды. Сондай-ақ 2025 жылы қанша қаражат бөлінгені және оның қандай әлеуметтік жобаларға жұмсалғаны айтылды, - деп хабарлайды TengriHealth.
Төменгі палата депутаты Ерлан Саиров бұл мәселені пленарлық отырыста көтерді. Ол Президент тапсырмасы бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық басқарушы холдингі таза пайдасының жеті пайызын "Қазақстан халқына" қорына аударуы тиіс екенін еске салды.
Алайда, оның айтуынша, кейінгі жылдардағы нақты аударымдар белгіленген нормадан төмен болған:
Саиров Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен биыл "Самұрық-Қазына" аударымдарды белгіленген деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр ма, сондай-ақ екі жыл бойы неге толық сома аударылмағанын сұрады.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеті пайыздық талап заңнамада нақты бекітілгенін айтып жауап берді. Дегенмен ол нақты аударымдар тек заң нормасына байланысты емес екенін түсіндірді. Қаражатты аудару үшін Үкіметтің жеке қаулысы, сондай-ақ екі қор арасындағы келісімшарт қажет.
"Осыдан кейін "Қазақстан халқына" қоры "Самұрық-Қазына" қорына жазбаша сұраныс жіберіп, онда қаржыландыру қажеттілігін негіздеуі тиіс", - деп түсіндірді Серік Жұманғарин.
Ол осы жылдар ішінде қаражаттың аударылмау себебін тиісті сұраныстардың түспеуімен байланыстырды.
Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, 2025 жылы "Самұрық-Қазына" қоры қаулы қабылдап, 62,2 миллиард теңге бағыттаған. Бұл соманың ішінде:
Жұманғарин билік өкілдері жыл сайын аударымдарды 7 пайызға жеткізуді жоспарлап отырғанын және қаржыландыру көлемі тікелей "Қазақстан халқына" қоры тарапынан түсетін сұраныстарға байланысты екенін атап өтті.
Бұған дейін Президентке "Қазақстан халқына" қорының қызмет қорытындылары мен іске асырылып жатқан қайырымдылық бастамалары туралы ақпарат ұсынылғаны хабарланған болатын.