Қаржы министрлігі қан донорларына төленетін төлем бойынша шешім қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қан донорлары Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қазақстанда қан донорларына берілетін төлем әзірге өспейді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің өкілдері депутаттық сауалға берген жауабында айтты, деп хабарлайды TengriHealth.


Қазақстанда қан донорларына берілетін төлем әзірге өспейді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің өкілдері депутаттық сауалға берген жауабында айтты, деп хабарлайды TengriHealth.

Депутаттар не деді?

Сәуірде Мәжіліс депутаттары трансфузиологтардың дерегіне сүйеніп, 2024 жылы Қазақстанда халықтың тек 1,2 пайызы немесе шамамен 215 мың адам қан доноры болғанын айтты. Бұл ретте қан тапсыруға ниеттілер қатары біртіндеп азайып бара жатыр.

Олар мұны донорларға төленетін төлемнің төмендігімен де байланыстырды.

"Бүгінде донорға берілетін ақшалай өтемақы 0,25 АЕК — 983
теңге. Бұл мөлшер осыдан 20 жыл бұрын белгіленіп, содан бері бірде-бір рет қайта қаралмаған. Ал Қазақ тағамтану академиясының ұсынымында қан тапсырған күні донор кемінде 4700 килокалория алуы тиіс екені анық көрсетілген. Мұндай рационның нақты құны 5 мың теңгеден асады, яғни 1,25 АЕК-ке тең", - делінген депутаттық сауалда.

Мәжілістегілер қан донорларына берілетін ақшалай өтемақыны республикалық бюджет есебінен 0,25 АЕК-тен 1–1,25 АЕК-ке дейін арттырып, "Құрметті донор" мәртебесін қалпына келтіруді ұсыныды. Бұған дейін дәл осы мәселені сенаторлар да көтерген болатын.

Қаржы министрлігінің жауабы

Қаржы министрлігі сауалға берген жауабында "республикалық және жергілікті бюджет шығыстарын оңтайландыру және басымдықтарды айқындау мақсатында 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілгенін, бұл
республикалық және жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға қатысты екенін хабарлады".

"Министрлік Денсаулық сақтау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қан донорларын материалдық емес ынталандыру шараларын қарастыруды ұсынды", - делінген жауапта.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің өкілдері 2026-2028 жылдарға қан донорларына 0,25 АЕК мөлшеріндегі ақшалай өтемақы төлеу үшін 809,8 миллион теңге қарастырылғанын айтты:

  • 2026 жылға — 257,8 миллион теңге,
  • 2027 жылға — 274,2 миллион теңге,
  • 2028 жылға — 277,8 миллион теңге.

"Қан донорларына берілетін ақшалай өтемақы мөлшерін ұлғайту және
"Құрметті донор" мәртебесін қалпына келтіру республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етеді", - делінген жауапта.

Ведомство өкілдері жергілікті әкімдіктер қан донорларына берілетін төлемді өз бетінше арттыра алатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.78   558.43   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети