Мейрамхана мен дәмханаға өз тамағыңмен кіруге бола ма? Заңгер түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейрамхана мен дәмханаға өз тамағыңмен кіруге бола ма? Заңгер түсіндірді Фото:depositphotos.com

Көптеген қазақстандық қоғамдық тамақтану орындарының есігінен өз тағамыңмен және сусыныңмен кіруге тыйым салынған тақтайшаларды көруге болады. Мұндай шектеулер қаншалықты заңды және сізден кетуді сұраса не істеу керек екенін Tengri Life тілшісі анықтап көрді.


Көптеген қазақстандық қоғамдық тамақтану орындарының есігінен өз тағамыңмен және сусыныңмен кіруге тыйым салынған тақтайшаларды көруге болады. Мұндай шектеулер қаншалықты заңды және сізден кетуді сұраса не істеу керек екенін Tengri Life тілшісі анықтап көрді.

Меншік құқығы бизнес ережелеріне қарсы

Дәмханаға өз тамағыңмен келуге бола ма деген сұрақ тұтынушы құқығы мен меншік иесінің құқығы арасындағы түйткілді мәселе. Адвокат Абзал Қасымжановтың айтуынша, Қазақстан заңнамасында мекемелерге өз өнімдерін алып кіруге тікелей тыйым салынбаған.

Заңгер сатып алынған тамақтың азаматтың жеке меншігі екенін және оны қорғауға мемлекет кепілдік беретінін айтады:

"Қолданыстағы Конституцияның 26-бабына сәйкес, азамат сатып алған тамақ пен сусын оның меншігі болып табылады және оған иелік ету құқығы шектелмейді. Сонымен қатар жеке қалауларды немесе медициналық көрсеткіштерді, мысалы, аллергияны ескеру қажет, соған байланысты адам тек өз тағамын тұтынуға құқылы", – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, кейбір жағдайларда тамақ алып кіруге тыйым салу белгілі бір кәсіпкерден тауар сатып алуға мәжбүрлеу ретінде қарастырылуы мүмкін, ал бұл - заңсыз.

"Өз тамағыңмен кіруге болмайды»: кіреберістегі тақтайшалар заңды ма?

Бұл ретте заңгер былай деп нақтылайды: дәмхана – жеке мекеме және иесі өз ережелерін белгілеуге құқылы. Бірақ олар заңға қайшы келмеуі керек. Негізгі шарт – клиент шектеулер туралы алдын ала білуі тиіс.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес, қызмет көрсетуші клиентке қызмет көрсету шарттарын алдын ала хабарлауға міндетті, мысалы, кіреберістегі тақтайшалар, мәзірдегі немесе сайттағы ақпарат арқылы.

"Егер мұндай шектеулер клиентке алдын ала ескертілмесе, оларды қолдану заңсыз деп танылуы мүмкін. Қызмет көрсетуден бас тарту кемсітушілік сипатта болмауы немесе қосымша сатып алуларды таңу арқылы көрінбеуі керек", – дейді Абзал Қасымжанов.

Заңгер "ең төменгі чек" немесе міндетті түрде тапсырыс беру сияқты талаптар да қызметтерді таңу деп есептелуі мүмкін екенін айтады.

Мекеме келушіден үй-жайдан шығуды сұрай алады, бірақ тек заңды негізде. Егер сіз құқығыңыз бұзылды деп есептесеңіз, адвокат оқиғаны видеоға түсіріп, куәгерлерді тартуға кеңес береді.

Абзал Қасымжанов қызмет көрсетуден заңсыз бас тартылған жағдайда батыл әрекет етуді ұсынады:

"Бас тарту себептерін жазбаша түсіндіруді талап етіп, өз құқығын қорғау үшін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе сотқа шағымдану ұсынылады".

Негізгі қорытынды

Қазақстанда дәмханаға өз тамағыңмен келуге тікелей тыйым салынбаған. Дегенмен, мекеме жеке аумақ және оның иесі өз ережелерін белгілеуге құқылы. Бұл ретте тыйым салу алдын ала көрсетілуі керек, мысалы, мәзірде, кіреберісте немесе қызмет көрсету ережелерінде. Егер мұндай ереже болса, келушіге қызмет көрсетуден бас тартылуы немесе дәмханадан шығу сұралуы ықтимал. Жекелеген жағдайларда ерекшеліктер болуы мүмкін, мысалы, балалар тағамы немесе алдын ала келісілген торт.

Tengrinews