11 қараша 2021 09:39

"Бірліксіз мемлекет жоқ". Қазақстандық бітімгер Ливандағы жұмысы туралы

2018 жылы қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері құрамында бітімгерлік миссиясын орындау үшін Ливанға аттанған болатын. Екінші рота командасында Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет әскери дәрігер - медицина қызметінің подполковнигі, медицина ғылымдарының магистрі Сәулет Қалдашов болды. Tengrinews.kz тілшісі "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында әскери дәрігердің миссия құрамына қалай тап болғанын, оның міндеті қандай болғанын және сол жұмысынан кейін оның өмірлік құндылықтары қалай өзгергенін әңнімелейді.  


2018 жылы қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері құрамында бітімгерлік миссиясын орындау үшін Ливанға аттанған болатын. Екінші рота командасында Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет әскери дәрігер - медицина қызметінің подполковнигі, медицина ғылымдарының магистрі Сәулет Қалдашов болды. Tengrinews.kz тілшісі "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында әскери дәрігердің миссия құрамына қалай тап болғанын, оның міндеті қандай болғанын және сол жұмысынан кейін оның өмірлік құндылықтары қалай өзгергенін әңнімелейді.  

Сәулет Қалдашов Қызылорда облысында көпбалалы отбасында туған. Әкесі мал дәрігері болған, сондықтан Сәулет бала күнінен жануарларды емдегенді жақсы көретін. Осылайша ол медицинаға бет бұрды. 

"Әкем адамдарға көмектесіп, жануарларды емдеп жатқанын көп көретінмін. Оның бәрі маған әсер етіп, дәрігер болуды шештім. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін жазғы демалыс кезінде мектеп директоры хабарласып, менің ата-анама ауданда жақсы оқитын балаларды Алматыдағы қазақ-түрік лицейіндегі биология мен химияны тереңдетіп оқытатын медицина сыныбына таңдап алатындарын айтты. Мен емтихан тапсырыс, сол лицейге түсіп кеттім", - дейді Сәулет. 

Лицейден кейін медицина институты, әскери каферда, гвардиялық гарнизон және "медицина" мамандығы бойынша магистратурада білім алады. Осылайша, Сәулет әскери дәрігер болды. 2006 жылы Сәулет Қорғаныс министрлігі Шет тілдері әскери институтының курстық дайындық факультетіне ағылшын тілін қарқынды оқуға жіберілді. 

"Сол кезден бастап түрлі шараға - семинар, конференция, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ ынтымақтастығы және НАТО-мен әріптестік шеңберіндегі халықаралық оқу-жаттығуларға қатыса бастадым. Ол шараларда БҰҰ бітімгерлік қызметі туралы ақпараттар берілді. Курстар мен шараларға қатысқан офицерлер мен сержанттар, оның ішінде, мен де БҰҰ миссияларына қатысу бойынша жоспарлармен таныстық", - дейді Сәулет.  

Осылайша, 2015 жылы Сәулет Құрлық әскерлері Әскери институтының медицина қызметінің басшысы кезінде миссияларға қатысу үшін БҰҰ бақылаушылар тобына іріктеу туралы білген. Барлық кезеңнен сәтті өтіп, кандидаттар тізіміне кіреді. Ал 2017 жылы әскери дәрігер БҰҰ штаб және тыл офицерлері курстарына бітімгерлерді даярлау жөніндегі БҰҰ оқу орталығына Нью-Делиге оқуға жіберіліп, 2018 жылы қазақстандық бітімгерлік контингенті құрамында батальонның тыл қызметінің офицері ретінде Ливанға баруға ұсыныс түседі.

"Біздің жауапкершілігімізде болған аумақта БҰҰ миссиясы мандатының орындалуын бақылау шеңберіндегі әуе патрульдеу". Фото Сәулет Қалдашовтың жеке архивінен 

"2019 жылдың 12 мамырында миссияны орындау ауданына келдік. Үндістан мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес біздің рота Үнді батальонының құрамына кірді. Контингент Ливанның оңтүстік-шығысында, Израиль мен Сирия шекарасында, Маржаюн қаласының маңында болды. Мен бітімгерлерімізді материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуге жауап бердім. Штабта жұмыс істегеннен кейін мен біздің рота орналасқан ауданға бардым, онда әскери қызметшілердің қажет тұрмыс жағдайларын және тұруын қамтамасыз етуді бақыладым, яғни ротаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналыстым. Сондай-ақ, БҰҰ-ның жауапкершілік аймағындағы мандат талаптарының сақталуын бақылау және тексеру мақсатында "ИНДБАТ" штабының жедел бөлімінің патрульдеу кестесіне сәйкес, аптасына 2-3 рет басқа әскери қызметкерлермен бірге Ливан мен Израиль арасындағы "көк сызық" шартты шекарасын патрульдеуге шықтым. Құрамында бірінші деңгейдегі госпиталь болғандықтан, елді мекендерге барып, жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетіп, медициналық лагерь ұйымдастырдық", - дейді бітімгер.

Сәулет Қалдашов Ливандағы науқастарға кеңес беріп жатыр. Фото Сәулет Қалдашовтың жеке архивінен 

Сәулет Қалдашовтың сөзінше, оның бұл сапары баға жетпес тәжірибе болған және өмірге басқаша қарауға ықпал еткен. 

"Мен әр бітімгер - бейбітшілік елшісі екенін білемін! Мен, осындай көпконфессиялы ортада жұмыс істей отырып баға жетпес тәжірибе алдым, өзімді басқа қырымнан танып, адамның қолынан келмейтін нәрсе жоғына көз жеткіздім. Ливан мысалы арқылы біздің еліміздің күші тек халықтың бірлігінде екенін, бірліксіз мемлекет жоғын түсінуіміз керек. Сирия мен Палестинадан кетуіне мәжбүр болған, баспанасыз қалған босқындарға қарау ауыр болды. Әсіресе олардың кішкентай балалары аш жатқанын, ұйықтайтын жайлы жері болмауын көру қиын болды. Олардың сонша азаптанғанын көріп, "Отан ана", "бейбітшілік", "тұрақтылық", "бірлік пен ынтымақтастық", "келісім" деген түсініктердің мағынасы шексіз екенін түсінесің. Сондықтан бейбітшілікті сақтап қалу үшін бар жағдайды жасау керек! Осыны әрбір қазақстандыққа жеткізгің келеді. Осылайша миссия адамның дүниетанымын өзгертеді деп айта аламын", - дейді Сәулет Қалдашов.  


Патрульдеу алдында нұсқаулық, Ливан, 2019 жыл. Фото Сәулет Қалдашовтың жеке архивінен 

"Маған бітімгерлік миссиясына қатысу бақыты бұйырды. Мен Қазақстанның бітімгерлік әлеуетінің объектив пайымы көрініс табатын ел Президентінің қолдауына ризамын. Мемлекет басшысы былтыр қазанда өткен кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларында жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президент-Елбасы құрған Қарулы Күштердің бітімгерлік қызметі еліміздің бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық қағидасына  берік екенін көрсетіп отырғанын атап өтті. Еліміз үшін басымдықтардың бірі - бітімгерлік әлеуетін арттыру, әлемдік қоғамдастықтың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігеріне практикалық жәрдем ету. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге БҰҰ-ның бітімгерлік контингенті ретінде қызмет атқаратындарын атап өтті, бұл үлкен құрмет пен зор жауапкершілік", - дейді офицер.

Бүгінде Сәулет ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы емдеу-алдын алу басқармасы бағытының аға офицері, ал жұмыстан бос уақытын отбасымен өткізуге тырысады. 2019 жылы әскери дәрігер "Қазақстанның 100 жаңа есімі" ұлттық жобасында жеңіске жеткен болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети