08 қыркүйек 2014 | 10:49

"Алматы" - "Бейбарыс" матчында еліміздің ескі әнұраны орындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Алматы" және "Бейбарыс" хоккей командалары арасындағы матчтың ашылуында Қазақстанның ескі әнұраны орындалды, - деп хабарлайды Almaty.tv. 7 қыркүйек күні болған ойын барысындағы бұл олқылыққа Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының әкімшілігі жол берген.


Иконка комментария блок соц сети

"Алматы" және "Бейбарыс" хоккей командалары арасындағы матчтың ашылуында Қазақстанның ескі әнұраны орындалды, - деп хабарлайды Almaty.tv. 7 қыркүйек күні болған ойын барысындағы бұл олқылыққа Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының әкімшілігі жол берген.

Қазақстанның көне әнұраны бірнеше секунд ойналғанымен, оны ойынның жүздеген көрермені және матчты теледидардан тамашалаған мыңдаған адам естіді.

Айта кетейік, бұған дейін осыған ұқсас жайт Мәскеуде ЦСКА мен "Барыс" арасындағы матчында болған еді. Ойын 2013 жылдың қараша айында ЦСКА мұзды спорт сарайында өтті. Бұдан кейін Мәскеу командасының өкілдері астаналық клубтан және барлық қазақстандықтан кешірім сұрады.

Мұның алдында осындай жағдай Тверьдегі хоккей ойыны барысында да болды. 2013 жылдың қаңтарында Ресейдің ТХК командасы мен қазақстандық "Сарыарқа" кездесті. Қазақстандықтар ескі әнұранды аяғына дейін тыңдауға мәжбүр болды. Жоғарғы хоккей лигасы бұл жайт үшін қожайындар командасына жаза қолданды. ТХК айыппұл төлеуге міндеттелді. ЖХЛ өкілдері "Сарыарқа" клубынан кешірім сұрады. Ресейдің барлық хоккей клубтарына матч өткізу барысында мұндай заңбұзушылыққа жол бермеу туралы ескерту таратылды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети