03 мамыр 2014 11:28

Антропов Минскідегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николай Антропов. ©REUTERS Николай Антропов. ©REUTERS

Хоккейден әлем чемпионатында "Барыстың" шабуылшысы Николай Антропов Қазақстан құрамасының капитаны болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 


Хоккейден әлем чемпионатында "Барыстың" шабуылшысы Николай Антропов Қазақстан құрамасының капитаны болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Жаттықтырушылар штабы капитанның ассистенті етіп "Барыстың" капитаны Дмитрий Упперді және астаналық клубтың қорғаушысы  Алексей Литвиненконы тағайындады. Италияның командасына қарсы достық кездесуде Уппер мен Антропов капитан ретінде мұзға кезекпен шығып отырған болатын. Содан кейін құрама команданың басшылары екеуінің арасында таңдау жасады. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстан құрамасы Францияда жергілікті командамен матч өткізуде. Әлем чемпионаты Минскіде 9-25 мамыр аралығында болады. Қазақстандық команда  Финляндия, Ресей, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия  және Беларусия құрама командаларымен бір топта жарысқа түседі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети