Астаналық "Барыс" ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық "Барыс" ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне шықты

Астаналық "Барыс" ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық "Барыс" ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандық клуб бүгін, 14 ақпанда "Сибирь" командасын (2:1) есебімен жеңіп, үш ұпай алғаннан кейін плей-офф кезеңге жолдама алып отыр. 

Шығыс конференциясында "Барыс" 89 ұпаймен бесінші орында тұр. "Сибирь" клубы орналасқан тоғызыншы орыннан астаналықтарды 10 ұпай бөліп тұр. Бұл "Барыс" клубы қалған екі матчта жеңіліс тапса да, Шығыс конференциясының алтыншы орыннан төмен түспейді деген сөз. 

ҚХЛ тұрақты чемпионатының аяқталуына екі тур қалып отыр. 16 ақпанда "Барыс" Новокузнецк командасы "Металлургпен" ойнаса, екі күн өткен соң өз алаңында "Авангардпен" кездеседі. 

Қазіргі уақытта Құрлық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне он команда өтіп тұр. Батыста СКА, ЦСКА, "Локомотив", мәскеулік "Динамо", "Торпедо" және минскілік "Динамо", ал Шығыста магнитогорлық "Металлург", "Авангард", "Ак Барс", "Трактор" және "Барыс".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети