Сурет hcbarys.kz сайтынан
Биыл Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф додасында Астананың "Барысы" Қазанның "Ак-Барсымен" кездеспейтін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оған "кінәлі" – "Ак-Барстың" өзі. Плей-оффтың бірінші сатысында "Сибирь" (Новосибирск) клубынан ұтылып қалып, Гагарин кубогынан тыс қалды. Жалпы есеп – 2:4. Егер, бұл жұпта "Ак-Барс" жеңгенде, онда ширек финалда біздің "Барыс" Татарстан клубымен айқасатын еді. Енді "Шығыс" конференциясының бір жұбында "Металлург" (Магнитогорск) және "Сибирь" (Новосибирск) клубтары кездеседі де, екіншісінде "Барыс" әлі бірін-бірі ала алмай жатқан "Салават Юлаев" (Уфа) – "Торпедо" (Нижний Новгород) жұбында жеңіске жеткен командамен додаға түседі. "Барысқа" қай клубпен кездессе де, бәрібір ғой. Тек төрешілер қара қылды қақ жарып, әділетті болса, болғаны... Әрі "Салават Юлаев" пен "Торпедо" – бір-бірімен деңгейлес командалар. Қазір бұл екі ұжым арасындағы жалпы есеп – 3:3. Соңғы ойын ертең Уфада өтеді. Сол матчта жеңіске жеткені ширек финалға шығады. Ал онда 12 наурыздан бері қарсыласын күтіп отырған біздің "Барыспен" кездеседі. Негізі, жанкүйер біткенге "Барыстың" басқа клубпен емес, "Ак-Барспен" кездескені керек еді. Өйткені "Барыстың" "Ак-Барсқа" есесі оңбай кетіп жүрген. ҚХЛ-дың алғашқы үш маусымында Қазан клубы плей-оффта Қазақстан клубын үш мәрте ойсырата жеңген. 2008/2009 және 2009/2010 жылдар маусымында 3:0 есебімен ұтып кеткен болатын (сол жылдары алғашқы кезең үш жеңіске дейін ғана созылған). Ал 2010/2011 жылдар маусымында 4:0 есебімен басым түскен. Қазір "Барыс" та, "Ак-Барс" та бұрынғыдай емес. Қазақстан клубының ойыны үйлесіп, финн маманы Ари-Пекка Селин команда тізгінін ұстағалы нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүр. Ал "Ак-Барс" сол кездегідей тым азулы емес... Өкінішті, әрине, биыл екеуінің жолы түйіссе, "қазақстандықтар есе қайтатар ма еді" деген сұрақ жауапсыз қалды. Негізі, "Барыстың" ойыншыларының кейбіреулері де ширек финалда "Ак-Барспен" додаға түсуді қалап еді. "Жазмыштан озмыш жоқ" дегендей, енді тек "Салават Юлаев" (Уфа) – "Торпедо" (Нижний Новгород) жұбындағы соңғы матчты тосамыз. Ал "Ак-Барспен" бұйрық болса, әлі талай кездесерміз...
Биыл Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф додасында Астананың "Барысы" Қазанның "Ак-Барсымен" кездеспейтін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оған "кінәлі" – "Ак-Барстың" өзі. Плей-оффтың бірінші сатысында "Сибирь" (Новосибирск) клубынан ұтылып қалып, Гагарин кубогынан тыс қалды. Жалпы есеп – 2:4. Егер, бұл жұпта "Ак-Барс" жеңгенде, онда ширек финалда біздің "Барыс" Татарстан клубымен айқасатын еді.
Енді "Шығыс" конференциясының бір жұбында "Металлург" (Магнитогорск) және "Сибирь" (Новосибирск) клубтары кездеседі де, екіншісінде "Барыс" әлі бірін-бірі ала алмай жатқан "Салават Юлаев" (Уфа) – "Торпедо" (Нижний Новгород) жұбында жеңіске жеткен командамен додаға түседі.
"Барысқа" қай клубпен кездессе де, бәрібір ғой. Тек төрешілер қара қылды қақ жарып, әділетті болса, болғаны... Әрі "Салават Юлаев" пен "Торпедо" – бір-бірімен деңгейлес командалар. Қазір бұл екі ұжым арасындағы жалпы есеп – 3:3. Соңғы ойын ертең Уфада өтеді. Сол матчта жеңіске жеткені ширек финалға шығады. Ал онда 12 наурыздан бері қарсыласын күтіп отырған біздің "Барыспен" кездеседі.
Негізі, жанкүйер біткенге "Барыстың" басқа клубпен емес, "Ак-Барспен" кездескені керек еді. Өйткені "Барыстың" "Ак-Барсқа" есесі оңбай кетіп жүрген. ҚХЛ-дың алғашқы үш маусымында Қазан клубы плей-оффта Қазақстан клубын үш мәрте ойсырата жеңген.
2008/2009 және 2009/2010 жылдар маусымында 3:0 есебімен ұтып кеткен болатын (сол жылдары алғашқы кезең үш жеңіске дейін ғана созылған). Ал 2010/2011 жылдар маусымында 4:0 есебімен басым түскен.
Қазір "Барыс" та, "Ак-Барс" та бұрынғыдай емес. Қазақстан клубының ойыны үйлесіп, финн маманы Ари-Пекка Селин команда тізгінін ұстағалы нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүр. Ал "Ак-Барс" сол кездегідей тым азулы емес...
Өкінішті, әрине, биыл екеуінің жолы түйіссе, "қазақстандықтар есе қайтатар ма еді" деген сұрақ жауапсыз қалды. Негізі, "Барыстың" ойыншыларының кейбіреулері де ширек финалда "Ак-Барспен" додаға түсуді қалап еді.
"Жазмыштан озмыш жоқ" дегендей, енді тек "Салават Юлаев" (Уфа) – "Торпедо" (Нижний Новгород) жұбындағы соңғы матчты тосамыз. Ал "Ак-Барспен" бұйрық болса, әлі талай кездесерміз...