04 желтоқсан 2014 | 20:58

"Барыс" Андрей Назаровты отставкаға жібереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Назаров. ©РИА Новости Андрей Назаров. ©РИА Новости

Астана "Барыс" хоккей клубының бас бапкері Андрей Назаров отставкаға бейсенбі күні, 4 желтоқсанда кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Астана "Барыс" хоккей клубының бас бапкері Андрей Назаров отставкаға бейсенбі күні, 4 желтоқсанда кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жағдайдан хабары бар дереккөз Р-Спорт агенттігіне ресейлік маманның жұмыстан шығуына команданың көңіл көншітерліктей нәтиже көрсете алмағаны себеп екенін айтты. "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы тұрақты түрде өтіп тұратын соңғы жеті ойынында жеңіліс тауып, Шығыс конференциясында алтыншы орында тұр. Дереккөздің мәліметінше, Назаровтың орнына "Барыс" клубының бас бапкері болып Ари-Пекки Селин келеді. Ол 4 желтоқсанда Астанада "Авангардқа" қарсы ойында көрінген еді. Селиннің тағайындалуы жайлы ресми түрде жұмада, 5 желтоқсанда жария болады. 

Селин болса өз кезегінде Астанаға Финляндия елшілігінің шақыртуымен келгендігін айтты. "Ертең бұл жерде мереке болады - Финляндияның Тәуелсіздік күні тойланады. Сонымен бірге "Барыстың" ойынын көруге келдім", - деді Селин өзінің "Барыс" хоккей клубына бас бапкер болып келуі жайында пікір беруден бас тартып. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Назаров "Барыс" командасы мен Қазақстан құрамасын маусым айының ортасынан бастап басқарған еді. Ресей маманы клубпен де, ұлттық федерациямен де бір жылға келісімшартқа қол қойды. 

Ари-Пекки Селин астаналық клубты осыған дейін басқарған болатын. Ол өткен маусымда клубтың тарихында тұңғыш рет Гагарин Кубогының бірінші раундынан өтуге және Чернышев дивизионын ұтып алуға көмектесті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети