Сурет hcbarys.kz сайтынан
Кеше Гагарин кубогының ширек финалындағы "Барыстың" қарсыласы анықталды. Қазақстан командасы "Салават Юлаев" (Уфа) клубымен кездесетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Башқұрт клубы ширек финалға ең соңынан шыққан ұжым болды. Олар плей-офф додасының бірінші сатысында "Торпедо" (Нижний Новгород) клубынан кездескен болатын. Екеуара дода ұзаққа созылып, жеңімппаз тек жетінші матчта анықталды. Жалпы есеп – 4:3. Негізі, "Барысқа" "Торпедоның" шыққаны жеңілдеу болар ма еді. Себебі Нижний Новгород негізінен бас бапкерінің, яғни латыш маманы Петерис Скудраның біліктілігінің арқасында өрнекті ойын үлгісін көрсетіп жүр. Хоккейшілері жанкештілік танытып, биылғы маусымда жоғары деңгейде өнер көрсетті. Былайша айтқанда, бар күш-жігерлерін салып, ойнап жүр... Әрі бұл команданың сапында былтыр "Барыстың" намысын қорғаған екі хоккейші ойнайды. Бірі – Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Вадим Краснослободцев. Екіншісі – Қазақстан азаматтығын алмай, екі ойлы болып кеткен, қорғаушы Михаил Григорьев. Екеуі де – қазір "Торпедоның" белді ойыншылары. Айтпақшы, бұл команда сапында қазақ хоккейінен екпін алып, көтерілген тағы бір хоккейші бар. Дәлірек айтқанда, ойыншы емес, қақпашы. Аты-жөні – Георгий Гелашвили. Ал "Салават Юлаев" клубының әлеуеті зор. Олар әлі қарқындарын үдете алады. Тәжірибелері мол. Қосымша күштері баршылық. Мол тәжірибелерінің арқасында алысқа шаба алады. Десек те, қарсылас анықталды. Енді тек ойнау керек. Біз "Барысқа" сенеміз. Біздің хоккейшілер ширек финалға ерте шығып алып, тоғыз күн дем алды. Ал Уфа клубы үш-ақ күн тынығады. Алғашқы екі ойын Астанада – 21 және 22 наурыз күндері. Одан кейінгі екі матч 24-25 наурыз күндері Уфада өтеді. Екеуі биылғы маусымда екі рет кездескен. Астанада 3:2 есебімен "Барыс" жеңсе, Уфада 6:3 есебімен "Салават Юлаев" басым түскен. Ал жалпы, ҚХЛ аясында бұл екі команда 18 рет кездесті. 10 матчта "Барыс" жеңіп, қалған сегізінде ұтылып қалды. Шайба айырмасы: 56-58.
Кеше Гагарин кубогының ширек финалындағы "Барыстың" қарсыласы анықталды. Қазақстан командасы "Салават Юлаев" (Уфа) клубымен кездесетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Башқұрт клубы ширек финалға ең соңынан шыққан ұжым болды. Олар плей-офф додасының бірінші сатысында "Торпедо" (Нижний Новгород) клубынан кездескен болатын. Екеуара дода ұзаққа созылып, жеңімппаз тек жетінші матчта анықталды. Жалпы есеп – 4:3.
Негізі, "Барысқа" "Торпедоның" шыққаны жеңілдеу болар ма еді. Себебі Нижний Новгород негізінен бас бапкерінің, яғни латыш маманы Петерис Скудраның біліктілігінің арқасында өрнекті ойын үлгісін көрсетіп жүр. Хоккейшілері жанкештілік танытып, биылғы маусымда жоғары деңгейде өнер көрсетті. Былайша айтқанда, бар күш-жігерлерін салып, ойнап жүр...
Әрі бұл команданың сапында былтыр "Барыстың" намысын қорғаған екі хоккейші ойнайды. Бірі – Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Вадим Краснослободцев. Екіншісі – Қазақстан азаматтығын алмай, екі ойлы болып кеткен, қорғаушы Михаил Григорьев. Екеуі де – қазір "Торпедоның" белді ойыншылары.
Айтпақшы, бұл команда сапында қазақ хоккейінен екпін алып, көтерілген тағы бір хоккейші бар. Дәлірек айтқанда, ойыншы емес, қақпашы. Аты-жөні – Георгий Гелашвили.
Ал "Салават Юлаев" клубының әлеуеті зор. Олар әлі қарқындарын үдете алады. Тәжірибелері мол. Қосымша күштері баршылық. Мол тәжірибелерінің арқасында алысқа шаба алады.
Десек те, қарсылас анықталды. Енді тек ойнау керек. Біз "Барысқа" сенеміз. Біздің хоккейшілер ширек финалға ерте шығып алып, тоғыз күн дем алды. Ал Уфа клубы үш-ақ күн тынығады.
Алғашқы екі ойын Астанада – 21 және 22 наурыз күндері. Одан кейінгі екі матч 24-25 наурыз күндері Уфада өтеді.
Екеуі биылғы маусымда екі рет кездескен. Астанада 3:2 есебімен "Барыс" жеңсе, Уфада 6:3 есебімен "Салават Юлаев" басым түскен. Ал жалпы, ҚХЛ аясында бұл екі команда 18 рет кездесті. 10 матчта "Барыс" жеңіп, қалған сегізінде ұтылып қалды. Шайба айырмасы: 56-58.