"Барыс" Гагарин кубогының екінші кезеңіне шығуға жақын

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" Гагарин кубогының екінші кезеңіне шығуға жақын Фото: "Барыс" ХК©

Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы плэй-офф кезеңінің төртінші матчінде магнитогорскілік "Металлургті" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы плэй-офф кезеңінің төртінші матчінде магнитогорскілік "Металлургті" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Шығыс конференциясының 1/4 финалындағы ойын ресейлік клубтың айдынында өткен, матч қонақтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. "Барыс" 20-минутта алға шықты. Финляндия құрамасы сапында әлем чемпионы атанған Атте Охтамааның пасынан кейін қазақстандық форвард Антон Сагадеев көзге түсті. 

"Барыс" матчтың соңына таман есепті еселеді. 56-минутта форвард Дастин Бойд шайба салды. 

Осылайша, "Барыс" төрт жеңіске дейін өтетін серияда 3:1 есебімен алда тұр. Енді бесінші матч 9 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Елордалық клуб жеңіске жетсе, Гагарин кубогының екінші кезеңіне шығады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети