- Негізгі бет /
- Спорт /
- Хоккей
"Барыс" хоккей клубы Андрей Назаровтың қызметтен кеткенін хабарлады
06 Қыркүйек 2016, 15:47Астаналық "Барыс" хоккей клубы ресми сайтында ресейлік Андрей Назаровтың команданың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.
Осы маусымның басында оның басшылығындағы клуб үш матчта үш рет жеңіліске ұшыраған.
42 жастағы Назаров өткен жылдың қазанында "Барыс" командасына қайтып келген болатын. Өткен маусымда команда өз тарихында тұңғыш рет Гагарин Кубогының плей-офф кезеңіне шықпай қалған болатын. Бұған дейін Назаров "Барыста" 2014-15 маусымында жұмыс істеген, кейін ол питерлік СКА-ға ауысқан.
"Барыс" клубында Назаров бірқатар дауымен есте қалды. Лига оның тәртібіне байланысты маманды бірнеше рет шеттеткен болатын.
Тегтер:
"Хоккей" айдарындағы басқа жаңалықтар :
Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада-2018 іріктеу кезеңінде Италия командасын жеңді
Хоккейден Қазақстан құрамасы Ресей командасына есе жіберді
Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында үшінші орын алды
"Барыс" жаңа аренадағы бірінші матчының алдында қой сойды
Тікелей эфирде жұмыстан қуылған қазақстандық комментаторға ресейлік телеарна ұсыныс жасады
Пікір қалдырыңыз