"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Омбыда өткізіп, жергілікті "Авангард" клубына тек буллитте есе жіберіп алды. Жалпы есеп – 1:2, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Омбыда өткізіп, жергілікті "Авангард" клубына тек буллитте есе жіберіп алды. Жалпы есеп – 1:2, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл ойында екі команданың да қақпашылары шеберлік танытты. Әсіресе "Барыстың" қақпашысы Ян Лацо тыным таппай, айдын иелерінің 44 соққысын тойтарды.
Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде айдын иелері есеп ашты. Ал үшінші кезеңнің басында қақтығыс болып, онда Евгений Блохин үшін Константин Руденко төбелесті. Әрі Лемтюговтің сазайын берді. Осы төбелестен соң "Барыс" артық құрамда ойнап, таразы басын теңестірді.
Бұдан кейін гол соғылған жоқ. Омбы хоккейшілері екі рет артық құрамда ойнаса да, "Барыс" олардың шабуылдарына төтеп берді.
Бес минуттық овертаймда да есеп өзгерген жоқ. Ал буллитте "Авангардтың" бағы жанды. Жалпы есеп – 1:2. "Барыс" бір-ақ ұпай еншіледі.
"Авангард" – "Барыс" – 2:1 Б (0:0, 1:0, 0:1, 0:0, 1:0)
Голдар:
1:0 – Густафссон (Попов, Лемтюгов), 29:03.
1:1 – Савченко (Жайлауов, Пушкарёв), 44:38 /артық құрам/.
2:1 – Коларик, 65:00 /буллит/.