"Барыс" капитаны ең жоғары ақы төленетін ойыншылардың рейтингіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" капитаны ең жоғары ақы төленетін ойыншылардың рейтингіне енді Даррен Диц. Сурет: ©"Барыс" ХК

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц ресейлік "Спорт-Экспресс" құрған Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ең жоғары ақы төленетін ойыншылардың рейтингіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц ресейлік "Спорт-Экспресс" құрған Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ең жоғары ақы төленетін ойыншылардың рейтингіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барыс" капитаны бір маусым үшін 75 миллион рубль (1,06 миллион доллар немесе 440,37 миллион теңгеден астам) табады. Оның келісім-шарты 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін созылады. Спортшы рейтингте "Барыс" клубынан жалғыз адам. Тізімде 71 хоккейші бар.

ҚХЛ-дің ең жоғары төленетін ойыншысы - мәскеулік "Динамо" форварды Вадим Шипачев атанды - 120 миллион рубль (1,71 миллион доллар). Екінші орынды Чехия клубының ойыншысы Дмитрий Яшкин алды - 95 миллион рубль (1,35 миллион доллар). Үшінші орынды "Авангард" швейцариялық форвард Свен Андригетто, "Салавата Юлаев" фин шабуылшысы Теему Хартикайнен және чехиялық "Автомобилист" қақпашысы Ян Коварж иеленді - 90 миллион рубль (1,28 миллион доллар).

26 жастағы Диц "Барыс" үшін 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның қоржынында ҚХЛ-да 176 матч және 111 (39+72) ұпай бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети