17 ақпан 2017 | 00:43

"Барыс" капитаны қатты соққы алып, ойыннан шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" капитаны Брэндон Боченски Новокузнецк қаласынан келген "Металлург" командасымен өткен матчта соңына дейін ойнай алмады. Айта кетейік, командалар арасындағы кездесу Астанада 16 ақпанда өткен болатын. Ойынның 37-ші минутында Брэндон Боченски басы мен мойнына соққы алған, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

"Барыс" капитаны Брэндон Боченски Новокузнецк қаласынан келген "Металлург" командасымен өткен матчта соңына дейін ойнай алмады. Айта кетейік, командалар арасындағы кездесу Астанада 16 ақпанда өткен болатын. Ойынның 37-ші минутында Брэндон Боченски басы мен мойнына соққы алған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, бұл соққыны "Металлург" командасының шабуылшысы Алексей Васильченко жасаған. "Барыс" командасының бас бапкері Эдуарда Занковецтің айтуынша, ол әзірше Боченскидің ойыннан қанша уақытқа кеткенін білмейді. "Маған осы сәтті қайтадан көру керек. Бірақ ойын барысында бір ойыншының алған соққысынан, өкінішке қарай, бүкіл команданың ойыны бұзылғаны байқалды. Барлығы жақсы болады деп сенеміз. Ертең осыған жағдайға қатысты толығырақ мәлімет айтамыз. Әзірше нақты диагнозды айта алмаймын", - деді бас бапкер.

Айта кетейік, командалар арасындағы кездесу 3:2 есебімен "Металлург" командасының жеңісімен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети