"Барыс" қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті

viewings icon 409 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: "Барыс" ХК Фото: "Барыс" ХК

Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында сырт айдында финляндиялық "Йокеритті" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында сырт айдында финляндиялық "Йокеритті" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Хельсинкиде өткен ойын қонақтардың пайдасына 5:1 есебімен аяқталды. "Барыс" форварды Корбэн Найт төртінші минутта командасын алға шығарған. Бірінші кезеңнің аяқталуына 38 секунд қалғанда Ессе Йоэнсуу шайба салып, таразы басын теңестірді. 

Екінші кезеңде көрермендер бір ғана шайба көрді. 26-минутта "Барыс" шабуылшысы Никита Михайлис әдемі комбинацияны голмен аяқтады.

Үшінші кезеңде де "Барыс" қана есепті өзгертіп отырды. 55-минутта форвард Аркадий Шестаков қарымта шабуылдан көзге түссе, үш минуттан соң форвард Линус Виделль есепті еселеді. Ал матчтың аяқталуына бес секунд қалғанда Дастин Бойд кездесудің нүктесін қойды. 

Осылайша, "Барыс" қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті. Бұған дейін Андрей Скабелка шәкірттері "Металлург" (4:3), "Салават Юлаев" (5:3) және "Локомотив" (4:3) командаларын жеңген болатын. 

Енді қазақстандық клуб 23 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да сырт айдында питерлік СКА командасымен кездеседі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

8°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro