27 ақпан 2014 | 12:18

"Барыс" Мәскеу түбінде ұтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет khl.ru сайтынан Сурет khl.ru сайтынан

Сочи Олимиадасы кезінде үзіліс алған Құрлықтық хоккей лигасының ойындары қайта жалғасты. Өкінішке қарай, Астананың "Барысы" осы үзілістен кейінгі алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бір айға жуық үзілістен кейін ҚХЛ додасы аясында "Атланта" (Мәскеу облысы) хоккейшілерімен кездескен "Барыс" түзде 1:5 есебімен оңбай ұтылып қалды. Ойынның 8-ші минутында-ақ айдын иелері екі шайба айырмасымен алға шықты. Рас, осыдан кейін астаналықтардың есепті қысқартатын, тіпті теңестіретін тамаша мүмкіндігі болған. Төрешілер "Атланттың" екі хоккейшісін айдыннан қуып, "Барыс" артық құрамда ойнаған. Алайда бесеулеп жүріп, айдын иелерінің үш ойыншысын бір жарым минуттай, төрт хоккейшісін үш минутқа жуық қыспаққа алса да, астаналықтар гол соға алмай, пұшайман болды. Ал "Атлант" бірінші кезеңнің соңына қарай тағы бір гол соғып, Қазақстан клубын "нокдаунға" түсірді. Екінші кезеңде "Барыс" бапкерлері қақпашысын ауыстырды. Ари Ахоненнің орнына Виталий Еремеев шықты. Әрі хоккейшілеріміз де қамшыны басып, бір гол соқты. Оның авторы – канадалық бесаспап мергеніміз Найджел Доус. Бәлкім, "Барыс" есепті тағы да қысқартар да, мүмкін теңестірер де ма еді. Бірақ төрешілер Константин Пушкарёвті ойын аяғына дейін мұзайдыннан аластатып, "Барыс" бес минут бойы кем құрамда ойнады. Осы уақыттарда гол соғу емес, өз қақпаларына шайба жіберіп алмау маңызды болды. Ал үшінші кезеңде айдын иелері тағы екі гол соғып, "Барыс" есепті теңестіруден күдерін үзді... Осылай, "Атлант" есесін қайтарды. Маусым басында "Барыс" елордада бұл командадан 5:4 есебімен басым түскен болатын. Енді Қазақстан клубы азуын айға білеген СКА хоккейшілерімен кездеседі. Бұл матч ертең Нева жағалауында өтеді. Жалпы, "Барыс" биылғы маусым аяғындағы соңғы төрт ойынын түзде өткізеді. Оның біреуін Мытищеде өткізгенін жазып отырмыз, енді СКА, "Северсталь" және "Локомотив" клубтарымен кездеседі. Одан кейін – плей-офф. "Барыс" плей-оффқа шығу мәселесін баяғыда шешіп алған. Десек те, "Шығыс" конференциясындағы екінші орнын сақтап қалуға тырысуы керек. Сонда плей-оффтың алғашқы сатысында осы конференцияда 7-орын алған командамен додаға түседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети