"Барыс" хоккейшілері швейцариялық "Цуг" командасына есе жіберіп, жаңа маусым алдында алғаш рет жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Барыс" хоккейшілері швейцариялық "Цуг" командасына есе жіберіп, жаңа маусым алдында алғаш рет жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Швейцарияда Lehner Cup турнирінде өткен кездесу 3:5 есебімен аяқталды. Қазақстандық клуб сапында ойыншы көп болғанына қарамастан екі рет қақпаға шайба жіберіп алды.
Ойынның оныншы минутында алаң иелерінің шабуылшысы Якуб Коваржа есеп ашып, швейцариялық команда алға шықты. Алайда 12-ші минутта "Барыс" сапына жаңадан қосылған Аркадий Шестаков есепті теңестірді.
Екінші кезеңде Швейцарияның күміс жүлдегерлері басымдыққа ие болды. Швейцариялық клуб хоккейшілері Сантери Алатало 29-шы минутта, Грегори Хоффманн 31-ші минутта көзге түсті. Жауап ретінде қазақстандық клубтың ойыншысы Ярослав Евдокимов 34-ші минутта есепті бір ұпайға қысқартты.
Үшінші айналымда көрермендер тағы үш шайба көре алды. 45-ші минутта "Цуг" сапындағы Лино Марчини есепті 4:2-ге жеткізді. "Барыс" ойыншысы Павел Акользин 54-ші минутта жауап қайтарды, алайда ойын аяқталуға бір минут қалғанда Хоффманн дүбль жасап, кездесудің соңғы нүктесін қойды.
Айта кетейік, Lehner Cup турнирінде "Барыс" швейцариялық "Амбри-Пиотта" командасын 4:1 есебімен тізе бүкітрген еді.
Алты ұпай иеленген "Цуг" турнир жеңімпазы атанды. Екінші орында - "Барыс".