Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Барыс" тұңғыш рет ширек финалға шықты

12 Наурыз 2014, 22:04
0
Фото hc-avto.ru сайтынан алынды
Фото hc-avto.ru сайтынан алынды
"Барыс" хоккейшілері "Автомобилист" (Екатеринбург) клубын төрт мәрте тізерлетіп, тұңғыш рет Гагарин кубогының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төртінші ойын да Екатеринбург қаласында өткен болатын. Шектен тыс шиеленісті өткен матчта "Барыс" 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Барлық голдар екінші кезеңде соғылды. Әуелі Роман Савченко есеп ашты. Көп ұзамай Талғат Жайлауовтың тамаша пасынан соң Константин Романов есепті еселеді.

Екінші кезеңнің аяқталуына алты минут қалғанда айдын иелері есепті қысқартты. Дәл осы сәтте "Барыс" үш-ақ ойыншымен қалған еді. Екі ойыншысы артық "Автомобилист" осылай гол соғып кетті.

Жалпы, бұл ойында да төрешілер "Барыс" хоккейшілерін жазалаудан "аянған" жоқ. Қазақстан клубының бұл ойындағы айып уақыты 24 минут болды...

Ең бастысы, "Барыс" мұндай қиыншылықтарға да, айдын иелерінің тегеурінді шабуылдарына да төтеп берді. Алда – ширек финал. Бұл кезеңдегі "Барыстың" қарсыласы алдағы күндері белгілі болады.

Біз "Барыс" хоккейшілері мен бапкерлерін тарихи жетістіктерімен құттықтаймыз!

Жалпы есеп:

"Барыс" – "Автомобилист" – 4:0 (3:2 ОТ; 5:4 ОТ; 2:1; 2:1)

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай